Бейсенбі, 28 Қараша 2024
46 - сөз 4599 1 пікір 5 Қаңтар, 2020 сағат 12:03

Томас Элиот

Ол ХХ ғасырдағы ең күрделі тұлғалардың бірі. Оқырман қауымның қабылдауына ауыр болған туындыларының күрделі болғаны соншама, жұртқа түсіндіру үшін ақынға кейбір шығармаларына түсініктеме жазуына тура келген.

Жалпы, Т.С.Элиоттың өлеңдерінде адамның жеке басына қатысы жоқ сезімдерді асқан шеберлікпен жеткізе алатын салқынқандылық басым. Ол өз өлеңдерінде «сезіміне ерік беруден» қашты. Егер де романтиктер мен реалистер адамдық болмыстың қайталанбас даралығын беруге ұмтылса, Элиот дара тұлғаның бейнесі жоқ поэзияны дүниеге әкелді. Өмірді әсершіл сезіммен қабылдаудан, романтикалық поэзияның ерекшеліктерінен бас тарту оның модернистік поэзиясының - басты ерекшелігі. Элиоттың бастапқы кездегі шығармашылығы неоклассицизм мен имажизмнің эстетикалық бағдарламасының ықпалымен дамыды. Бұл ағымдардың бастауында романтикалық өнерге қарсы шыққан Томас Эрнест тұрды. Элиот имажистердің «Эгоист» деп аталатын журналының бас редакторының көмекшісі болды. Имажист-ақындар Эзра Паунд, Ричард Олдингтон, Хильда Дулитл және тағы да басқалары нақтылық, образдық стил мен өлеңдегі ритмнің тұтастығын қолдады. Олар француз, ежелгі италия, қытай және жапон поэзиясымен әуестенді. Өз заманының буржуазиялық шындығын қабылдай алмаған ақын ренессанстық өнерге қарсы шықты. ХVІІ ғасырдағы метафизик ақындардың, әсіресе, Джон Донның шығармашылығын үлгі тұтты….

Жиырмасыншы ғасырдың 30-жылдарында ақын өлеңмен жазылған бірнеше драманы да дүниеге әкелді. «Жартас», «Собордағы адам өлімі», «Отбасылық мейрам» пьесаларында католиктік идеяларды насихаттады. Адамзаттық прогресс пен адамның кемелденуі мәселесіне сенімсіздікпен қарады.

Т.С.Элиот ақын, драматург қана емес, сонымен бірге танымы терең әдебиет сыншысы да болды. Ол «Киелі орман», «Поэзияның пайдасы және сынның пайдасы», «Поэзия мен ақындар туралы» деп аталатын ондаған мақалалардың авторы. Ақын әдеби сындағы формализмді теориялық тұрғыдан негіздеп берді. Ол көркем шығарманы жазушы тұлғасынан, оның өмірінен бөлек алып қарауды ұсынды. Элиот шығарма авторға тәуелді болмай, өз құндылығын жоғалтпай өмір сүре береді деп есептеді.
Құрметті достарым! Сіздерді, ертең, яғни, 10 желтоқсан күні 14 сағ 35 минутта Қазақ радиосынан берілетін жиырмасыншы ғасырдың ең күрделі ақыны, 1948 жылғы Нобель сыйлығының иегері Томас Стернз Элиоттың өмірі мен шығармашылығына арналған хабарымызды тыңдауға шақырамын.

Амангелді Кеңшілікұлының әлеуметтік жазбасынан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1575
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3387
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6538