Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2024
2436 3 пікір 17 Қаңтар, 2020 сағат 10:41

Швейцария жемқорлардан тәркіленген 1,3 миллион долларды Түркіменстанға қайтарады

Швейцария жемқорлардан тәркіленген 1,3 миллион долларды Түркіменстанға қайтаратынын жариялады. Бұл туралы Швейцария сыртқы істер министрлігінің ресми мәлімдемесінде сөз болды.

"Қаражат БҰҰ Даму бағдарламасының денсаулық сақтау жөніндегі жобаларына аударылады" делінген мәлімдемеде.

Хабарларға қарағанда, 15 қаңтарда Бернде Швейцария, Түркіменстан және БҰҰДБ арасында осындай келісім жасалды. 1,3 миллион долларға туберкулезді емдеуге арналған дәрі-дәрмек сатып алынады.

Өткен жылы желтоқсан айында Германияда MAN неміс компаниясы бөлімше кәсіпорынының бұрынғы бас директорына қатысты іс қарала бастады. Ол Түркіменстан үкіметінің шенеуніктеріне пара ретінде 8,4 миллион евро берді деп айыпталды.

2010 жылы Daimler неміс компаниясы түркімен шенеуніктеріне пара бергені анықталды. 2000 жылы аталған автоконцерн Түркіменстанның сол кездегі президенті Сапармұрад Ниязовқа 300 мың евро тұратын "Мерседес" автокөлігін сыйлаған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1991