Жексенбі, 29 Қараша 2026
101 0 пікір 29 Қараша, 2026 сағат 15:17

Алматыда тұтас бір көшенің тұрғындары сайлауға бірге келіп, дауыс берді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінен алынды

Алматының Жетісу ауданындағы Бұрындай көшесінің тұрғындары сайлау учаскесіне бірге келіп, дауыс берді.

Көп жылдан бері тату-тәтті көрші болып келе жатқан тұрғындар бүгін де бас қосып, сайлауға бірге баруды ұйғарған. Көршілер бір-бірімен әңгімелесіп, алған әсерлерімен бөлісті, сондай-ақ естелік суретке түсті.

_«Көршілерімізбен бұрыннан татумыз. Мерекелерді бірге атап өтіп, бір-бірімізге көмектесіп жүреміз. Бүгін де бас қосып, сайлауға бірге келуді жөн көрдік. Бұл да біз үшін бір-бірімізбен жүздесудің тағы бір жақсы мүмкіндігі»,_ – деді аудан тұрғыны Наталья Фошина.

Abai.kz

0 пікір