Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Анық-қанығы 6237 29 пікір 28 Қаңтар, 2020 сағат 19:12

Қытаймен шекараны жабуға не кедергі?

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министр Елжан Біртанов Қытайдан келген азаматтардың 4-еуі қауіпті вирус белгілері болуы ықтимал деген күдікпен ауруханаларға жатқылынғанын хабарлаған.

"Бүгінге дейін елімізге Қытайдан 25 858 адам келді. Олар - Қазақстан азаматтары мен шетелдік азаматтар.Ыстығы көтерілген 23 науқас келді. Олардың 4-еуі вирус белгілері болуы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Себебі, олардың денсаулығындағы кейбір белгілер мен вирустық инфекция арасында нақты айырмашылық жоқ. Сондықтан, олар ЖРВИ-ға күдікті ретінде ауруханаға жатқызылды. Үш күн ішінде толық диагноз қойылады. Тиісті терапия басталды", деген еді министр Біртанов.

Одан кейін әлеуметтік желілер мен БАҚ-та тағы 6 адамның осындай белгімен ауруханаға жатқызылғаны айтылды. Ал Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бұл ақпаратты растаған.

"Күндіз 4 адамның ауруханаға жатқызылғаны хабарланды. Олардың екеуі тиісті амбулаторлық ем қабылдаған соң, үйлеріне қайтарылды. Қазір Алматы қаласында тағы бір адамның, Ақмола облысында 5 адамның ауруханаға жатқылығаны белгілі болды. Олар да Қытайда болған. Екі баланың ыстығы жоғары. Ақмола облысындағы 5 адам бір отбасы мүшелері. Үлкендерінде айтарлықтай белгілер болмағанымен, олар балалармен қарым-қатынаста болды. Сондықтан барлығы ауруханаға жатқызылған", деді Бекиш мырза.

Қытайда тараған қауіпті вирус қазір Қытай шекарасынан асып, АҚШ, Канада, Франция, Австралия, Германия, Жапония және Оңтүстік Корея аумақтарына дейін тараған. Бүгін аталмыш қауіпті вирустың белгілері бар азаматтар Қазақстанда анықталып, ауруханаларға жатқызылғаны белгілі болды.

Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекара әлі жабылған жоқ. Тек, Үкімет шешімімен Қорғас еркін сауда аймағы жұмысын уақытша тоқтанқан.

Қазақстан мен Қытай шекарасын уақытша жабуға не кедергі? Шекара неге жабылған жоқ? Бүгін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Шахрат Нұрышев себебін түсіндірген болыпты. "Тengrinews.kz" сайты жазды.

"Шекараны жабу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кепілдемесі керек. Біздің ҚХР-дағы Елшілігіміз, Бас консулдық Қытай азаматтары үшін құжат рәсімдеу талаптарын күшейтті. Соның ішінде, виза рәсімдеу үшін денсаулық жағдайы туралы анықтама талап етілетін болды. 

Білесіздер, Қытай азаматтар үшін 72 сағаттық визасыз транзиттік жүріп-тұру режимі Үкімет шешімімен уақытша тоқтатылған. Сондай-ақ, электронды визамен Қазақстанға, әуежайға келген Қытай азаматтарының құжаттары рәсімделмейді. Ал шекараны жабатын болсақ, онда біз Қытайдағы өз азаматтарымызды елге жеткізі алмай қаламыз", деген Шахрат Нұрышев.

Нұрышевтың айтуынша, Қытайда 1300 Қазақстан азаматы бар. Олардың 635-і Хайнань аймағындағы туристер. Елшілік пен Бас консулдықтың 204 қызметкері және олардың отбасылары бар. Ал тағы 445 азамат Қытай территориясында қалған.

Abai.kz

29 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1558
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3358
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6279