Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1921 0 пікір 22 Маусым, 2009 сағат 19:51

ҚР ҰҚК тергеуі Жәкішевті Ақмола гарнизонының әскери сотымен қамауға алуға рұқсат берілгені туралы ақпаратты растады

Алматы. 22 маусым. ҚазТАГ - Дилярам Аркин. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ экс-басшысы Мұхтар Жәкішевті қамауға алуға Ақмола гарнизонының әскери соты рұқсат берді. Бұл ақпаратты ҚазТАГ тілшісіне ҚР ҰҚК тергеу департаментінің бастығы Аблайхан Ғаббасов растады.

«Ия, қамауға алу туралы санкцияны әскери сот берді»,- деді ол.

Бұл дегеніңіз М. Жәкішевке қатысты ҰҚК тергеуімен мүмкін «отанын сатқан» деген тағы бір қыдмыстық іс ашылуын аңғарта ма? - деген агенттік тілшісінің сауалына, А. Ғаббасов: «Жоқ, оған тек ҚР жалпы қылмыстық баптары бойынша айып тағылып отыр, яғни басқаның мүлкін талан-таражға салу бойынша», - деген түсінік берді.

Бұл ретте А. Ғаббасов сот процесі баспасөз үшін ашық бола ма, жабық бола ма – ол тек соттың өзінің айрықша құқығында болатынын атап өтті. 

«Құпия таңбасы бар материалдарды қараған кезде сот отырысының жабық тәртіпке көшу құқығы бар. Егер онда ашық мәліметтер болса, онда отырыс та ашық болады. Кез келген жағдайда мұның бәрін тек сот шешеді», - деп түсіндіре келіп ол, М. Жәкішевке қатысты сот процесі қандай сотта өтеді – әскери ме, әлде азаматтық сотта ма, ол жағын нақыталмады. 

Осы қылмыстық іс бойынша  «Қазатомөнеркәсіптің» қазіргі басшысы Владимир Школьниктен жауап алынды ма? - деген сауалға А. Ғаббасов ешқандай жауап қайтармады. Себебі ұлттық компанияның заңи департамент бастығының орынбасары Асылхан Дүйсенбиннің айтуынша, бұрындары ұлттық компанияны қамқорында ұстаған министрлікті басқарған Владимир Школьник те уран кеніштерін саудаға салғаны үшін жауапкершілікке тартылуы тиіс көрінеді.

«Әзірге тергеу жүріп жатыр, сондықтан бұл туралы ешқандай түсініктеме бере алмаймыз. Менің бұл туралы сізге айтуға құзыретім жоқ», - деп қосты ол. 

Бұл ретте ҚР ҰҚК тергеу департаментінің бастығы М. Жәкішевке адвокаттардың араласуына еш кедергілер жоқ екенін атап өтті.

«Бізде мемлекеттік құпияларға жіберілуді рәсімдеуді қажет ететін заң бар. Ал оларда (М. Жәкішевтің адвокаттарында – ҚазТАГ) ондай рұқсаттары жоқ. Оны біз емес, олардың өздері рәсімдеу керек», - деп түсіндірді А. Ғаббасов.

ҚазТАГ тілшісінің, М. Жәкішев ҰҚК ұсынған алдыңғы адвокаты оның мүддесін қорғаудан бас тартқаны себепті қазіргі уақытта заңи қорғаушысынсыз қалғаны рас па? - деген сауалына А. Ғаббасов: «ондай ақпарттан хабарсыз екенін» айтты.

«Кез келген жағдайда М. Жәкішевке заңи қорғау қамтамасыз етіледі», - деп түсіндірді ол.

Бұл ретте А. Ғаббасов М. Жәкішевке қатысты ҚР ҰҚК СИЗО-сында қинау болғаны туралы алып қашпа әңгімені теріске шығарды. 

«Физикалық не психикалық сипатағы ешқандай қинау болған жоқ. Бұл концлагер емес қой. Күдіктіге дәрігерлер жіберілген. Ол барлық қажет медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген», - деп түсіндірді ол. 

Алдын хабарланғандай, 21 мамырда ҰҚК-і «Қазатомөнеркәсіптің» экс-басшысы М. Жәкішевті қамауға алды. Ол және ұлттық компанияның бірқатар лауазым иелері аса ірі мөлшерде жымқырушылық жасаған деп күдіктелінеді. Оларға қатысты ҰҚК қылмыстық іс қозғап тергеу жұмытары жүргізіліп жатыр. М. Жәкішевтің өзі қылмысын мойындамады.

Дәл сол күні М. Жәкішев бас прокурордың ұсынысымен және «Самұрық-Қазына» басқарма шешімімен «Қазатомөнеркәсіп» басшысы қызметінен босатылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522