Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3581 0 пікір 22 Маусым, 2009 сағат 19:53

«Мен жемқорлыққа қарсымын!» жазуы бар киім киіп немесе төсбелгі таққанымыздан, елімізде жемқорлық азаймайды – қаржы полициясы төрағасының орынбасары

Алматы. 22 маусым. ҚазТАГ – Дилярам Аркин. ҚР жемқорлықпен және экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары Сәттібек Оңғарбаев мемлекеттік қызметкерлерге «Мен жемқорлыққа қарсымын» төсбелгісін тақпауға кеңес береді. Оның пікірінше, бұдан еліміздегі жемқорлық азаймайды.

«Жем жемқорлыққа қарсымын!» деген жазуы бар киім кигеннен немесе төсбелгі таққанымызбен, еліміздегі жемқорлық азаймайды. Біздің БАҚ-та насихат материалдар онсыз да жеткілікті. Алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр», - деп түсіндірді С. Оңғарбаев ҚазТАГ тілшісіне.

Сонымен қатар, С. Оңғарбаев «Нұр Отанның» Қылмыстық кодекске аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін айыптыларды өмір бойы бас бостандығынан айыруды қарастыратын түзетулерді енгізу туралы ұсынысын орынсыз деп есептейді.

«Біріншіден, аса ауыр қылмыс жасағандар ғана өмір бойы бас бостандығынан айырылады. Екіншіден, өлім жазасын (мораторийге байланысты өмір бойы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды) қолданудың өзі минимумға дейін азайтылған қылмыс құрамының дәрежелері бар. Қылмыстық кодексте ондай сегізден аса бап қалды, олар соңыс уақытында ғана қолданылады. Жемқорлық қылмыстарға келетін болсақ, ондай әрекетерге барғандарға қатысты мұндай шараларды қолдануға болмайды. Өйткені, біріншіден, жемқорлық қылмыстарды соғыс уақытында жасалатын  ауыр қылмыстарға теңестіруге болмайды», - дейді С. Оңгарбаев.

Оның айтуынша, заң бойынша жемқорларға қылмыс бойынша жеткілікті деңгейде жаза қарастырылған.

«Жемқорлар үшін қазір 311 (парақорлық үшін) бап бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыру қарастырылған. Менің ойымша, бұл жеткілікті деңгейде үлкен жаза. Сонымен қатар, қазіргі уақытта бірқатар заңдарға өзгертулер енгізіліп жатыр. Оларды ірі айыппұл санкцияларын белгілеу арқылы жауапқа тарту көзделген. Барлық жемқорлық қылмыстар бойынша мүлкін тәркілеу қарастырылғанын ұмытпаңыздар. Оған тіпті жемқорлық жолмен туыстары мен басқа адамдарға берген мүлкі де кіреді», - деп атап көрсетті С. Оңғарбаев.

Бұрын хабарланғандай, 19 маусымда «Нұр Отан» партиясының жанындағы жемқорлықпен күрес республикалық қоғамдық кеңесі мемлекеттік қызметкерлерді «Мен жемқорлыққа қарсымын» төсбелгісін тағып жүруге міндеттеуді ұсынған болатын. Бұл ұсыныс жұма күні жемқорлыққа қарсы кеңестің кезекті отырысының қорытындысы бойынша қабылданды.

Сонымен қатар, Қылмыстық кодекске «ел қауіпсіздігіне қауіп төндірген ірі көлемдегі жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілікті өмір бойы бас бостандығынан айыру түрінде күшейту ұсынылды.

Олардың пікірінше, бұл шара «барлық деңгейдегі жемқорлар үшін тежеуші фактор болады, өйткені мемлекеттен ұрланған қаржыны пайдалану мүмкіндігінен айырады, ал мұндай жағдайда жемқорлық қылмыс жасау ойға қонымсыз болады».

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522