Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
3480 5 пікір 31 Қаңтар, 2020 сағат 11:03

Коронавирусқа байланысты халықаралық төтенше жағдай жарияланды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус Қытайдан басқа елдерде тарап жатқанына байланысты халықаралық төтенше жағдай жариялады.

Ұйым басшысы Тедрос Гебрейесус әзірше халықаралық байланыстар мен саудаға шектеу кіргізуге негізгі себептер жоқ екенін мәлімдеді.

Соңғы мәліметке қарағанда, коронавирусты Қытайдан басқа елдерде (18 мемлекетте) жұқтырғандардың саны 100-ден асқан. Қытайдың өзінде 30 қаңтардағы мәлімет бойынша 170 адам қаза болып, 8 мыңға жуық кісі індетті жұқтырғаны хабарланды. Бұдан бөлек 1370 адамның жағдайы ауыр екені айтылады.

Эпидемия желтоқсанның аяғында Қытайдың Ухань қаласында басталған.

Қытайдың өзінде 60 миллион адам тұратын бірнеше қала карантинге жабылды.

Қытайдың Жұқпалы ауруларды емдеу бойынша мемлекеттік зертханасы бұл індетке қарсы емдеу құралдарын тесттен өткізуге кемінде үш ай керек деп отыр.

Бұл соңғы он жылда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарабынан жарияланған алтыншы төтенше жағдай. Осыған дейін Эбола және Зика вирустарына байланысты төтенше жағдай жарияланған.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2037