Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1957 0 пікір 23 Маусым, 2009 сағат 04:38

Жанар НҰРҒАЛИ. Бүгін Нүкіс сотында 27 қазақ азаматының ісі қаралып жатыр

Нүкістегі 27 қазақтың тағдырына қазіргі күні барлық отандастарымыз қатты алаңдаушылық білдіріп отыр. Нәпақа табам деп жүріп, «шекара бұзып» шет кеткен қандастарымыздың тағдыры қыл үстінде тұр. Бүгін Нүкіс қалалық сотында қазақстандықтардың ісі қаралып жатыр. Алайда, ақтөбелік 27 азаматтың мұндағы бауырлары, отбасы, бала-шағасы қанша алаңдаушылық білдіргенмен, ашып ештеңе айта алмауда. Мысалы, аты-жөнін атамауды жөн көрген бойжеткен Нүкісте түрмеде жатқан ағасы Біржан Мәмбетовтың тағдыры үшін қатты алаңдайды. Сотталып кете ме деген қаупі басым. «Нүкісте болатын сотқа қатысуға кеткен жеңгеммен күн сайын ұялы телефон арқылы сөйлесіп тұрамын. Сот кейінге қалдырыла берген. Енді осы аптаның ішінде, 23-і күні болады деп күтіп отырмыз. Жеңгем ағайыммен кездесіп, сөйлесе алмапты. Тек жаздық киімдерін берген.
Ұсталып, қамауға алынғандардың бірі Серік Үркіновтың мамасы да сонда, ұлына кетті» дейді ол.
Ал, «Азат» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Айдос Садықов былай дейді:

- Біз Нүкістегі 27 қазақтың тағдырына қатты  алаңдаулымыз. Бүгін сот болмақ. Жақында олардың жақындары Астанаға барып, президент Әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусинмен, Сыртқы істер және Ішкі істер министрлерімен кездесуге әрекет жасады. Бірақ кездесе алмады. Содан соң олар АҚШ президенті Барак Обама мен Ресей президенті Дмитрий Медведевке үндеу жолдап, туыстарының тағдырына араша түсуді сұрады. Ұсталғандарды елге қайтаруға көмектесуді өтінді. Алайда, біздің билік ресми мәлімет жасамай отыр.
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұртай Әбіқаевтың мәлімдемесіне сүйенсек, олар ұрылар, қылмысты, жазасын алуы керек. Бірақ 27 қазақтың бір де бірі «показания» бермеген. Тек біреуі ғана «боранды күні адасып кеттік» деген. Олар шекараны әдейі, қасақана бұзған жоқ. Ал, мемлекеттік шекарада не тиісті жолақ, не шекара бағандары қойылмаған. Шекара екені көрініп тұруы керек қой.
Меніңше, біздің Қазақстан елі қай жерде болса да өз азаматын қорғауы керек. Олар ештеңе ұрлаған жоқ. Қылмысты екендіктерін дәлелдейтін факт және жоқ. 
Ұсталған азаматтардың бәрі дерлік қарапайым жандар. Бәрінің де отбасы бар. Бір де бірі бұрын қылмыс жасап істі болмаған, сотталмаған. Бірінің несиесі бар, бірінің үйі жоқ. Рас, жергілікті билік көмектескен. Енді сот үкімін күтіп отырмыз.   Әзірге 27 қазақтың ертеңгі күндерінің не болатыны белгісіз.
Олар соттала ма? Бұл сауалдың жауабы бүгін Нүкісте өтетін соттың құзырында.
Айдос Садықовтың сөзінен ұққанымыз, ақтөбелік азаматтардың тағдырына Ақорданың айналасындағы шенеуніктер ара түсіп, мәселені мәмілегерлік жолмен шешудің орнына бастарын алып қашып, жәрдем сұрап барған жандарды жандарына жуытпаған көрінеді. Ендеше, артында туған туыстан өзге сұрауы жоқ азаматтардың абақтыға айдалып кетуі әбден мүмкін. Әйтседе біз істің ақрын күтіп, сот отырысының барысынан оқырман қауымға ақпарат жеткізуді өз міндетімізге аламыз.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5490