Сенбі, 23 Қараша 2024
Үшбу хат 7814 16 пікір 13 Ақпан, 2020 сағат 13:13

Әкемтеатрдың ұжымы президент Тоқаевқа ашық хат жазды

Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының ұжымы 94 жылдық тарихы бар театрдың директоры Сәбит Әбдіхалықовты қызметінде қалдыруды талап етіп, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ашық хат жазыпты.

Үшбу хатта Әбдіхалықов театрға басшылық еткен уақытта атқарылған жұмыстар мен ұжым жетістіктері туралы егжей-тегжейлі баяндалып, театрдың қазіргі ахуалы жайлы айтылған.

Ұжымдағыларды алаңдатқан тағы бір мәселе, ғасырға жуық тарихы бар қара шаңырақта директордың жиі ауысуы көрінеді.

"Ұжым бір басшымен жұмыс істеуіне енді үйрене бергенде, ауыстырып жіберетін дәстүр қалыптасты. Жаңа басшы келмей жатып, оны да жақын арада тағы да ауыстырады деген сөз шығатынына етіміз де үйреніп кетті. Бұл фактор театр жұмысының атмосферасына, өндірісіне кері әсерін тигізіп келеді. 94 жылдық тарихы бар Басшылықтың жиі ауысуы ұжымда тұрақсыздық тудырып, қолға алынған істердің аяқсыз қалуына алып келері сөзсіз.

Енді міне, 1 жылға жуық қызмет атқарған Сәбит Әбдімүтәліұлы Әбдіхалықовты лауазымынан босатады деген әрекеттер Сізге хат жазуды мәжбүрлеп отыр", деп жазылған хатта.

Ұжымды алаңдатқан осы мәселелердің жауабын білу үшін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға да хат жазылған екен.

Редакциядан: Аталған үшбу хат бүгін редакциямыздың электронды поштасына келіп түсті. 

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5467