Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
3805 1 пікір 13 Ақпан, 2020 сағат 20:54

Қызылорда облысында өткен жылы жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызға төмендеді

Бүгін облыстық қоғамдық кеңес алдында облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов есеп берді.

Бейресми жұмыспен қамтылғандар жұмыссыздық деңгейін төмендетуге кері әсер етіп отыр. Қызылорда облысында өткен жылы жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызға төмендеген.

Жергілікті билік кәсіпорындарда қызметкерлерді жаппай қысқартуларды болдырмауға  және бұл көрсеткішті бірнеше жыл қатарынан 4,8 пайызбен орта республикалық көрсеткіштен асырмауға нақты жұмыс жасаған.

Қабылданған жүйелі шаралардың нәтижесінде соңғы  3 жылда жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 24 пайызға, шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың саны – 7,5 пайызға, ал, салық түсімдерінің көлемі тек соңғы жылдың өзінде шамамен 11 пайызға артқан.

Облыстық қоғамдық кеңес алдында есеп берген аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемінің үлесі төмен деңдейде екенін атап өтті.

"Президенттің тапсырмасына сәйкес, шағын және орта бизнестің  өңірдің өндірілген өнімдегі үлесі 2025 жылы  35 пайыз болуы тиіс.  Ал бізде, өткен жылдың 9 айы бойынша 16,5 пайыз ғана.

Мұнымен қоса бейресми жұмыспен қамтылғандар жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, салық түсімін арттыруға кері әсер етіп отыр. Ендігі бір, мәселе, ол бейресми жұмыспен қамтылғандарды заңдастыру,  рәсімдеп,  тіркеуге алу",- деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 896
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2325
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 599
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 582