Құралай көз, қолаң шаш
Қазақ қызы...
Алаштың арулары қай заманда да - ұлттың ұяты. Ананың арғы тегі - қыз. Демек, шекесі торсықтай ұлды дүниеге әкеліп, ол ертжеткен соң қазақты өрге сүйреп, ыстығына күйіп, суығына тоңып, «елім» деп еңіреп өтсе, ол қазақ анасының, қызының еңбегі. Бізге мәлім тарихта солай болғанда. Солай бола береді де.
Қолаң шашы тірсегіне түскен сұңғақ бойлы сұлулар (суретте) бүгінгі қазақ қыздары. Бүтін ұлттың ары мен ұятын, дәстүрі мен салтын бойына сіңіріп, қолаң шашына қайшы тигізбей өскен бойжеткендер - ұлттық бояуы қанық болашақтың белгісі.
«Заманына қарай адамы». Алайда, алмағайып уақыт болса да ата жолынан, ана дәстүрінен безінбей оны жаңа заманда да бойыңа қондырып, санаңда сақтап, келешек үрім-бұтағыңа табыстауға болатынын қолаң шашын қасиеті санап, қадірін қашырмай жүрген суреттегі қыздар айғақтап тұрғандай.
Алтын басты ерін сыйлап өскен елдің талай қызының оғаш қылығы көбейген кезде шылым шегіп шіреніп, алқам-салқам киініп, кіндігін күнге сүйгізіп жүрген бикештер қолаң шаш замандастарынан үлгі алса дейсің. Әй, бірақ...
Соңғы жылдары қазақ қызының бейнесін де, санасында өзгерткен теріс пиғылды діни ағымдардың кесірінен қазақ қыздары хиджаб киіп оранып, нихаб киіп тұмшалануды шығарды. Бұған дейін қазақ мұсылман болмағандай, аналарымыз жаулық салмағандай.

Хижабқа қарап қалған қазақ арулары да бір сәтке қазақ аналарының дәстүріне үңілсе, қолаң шашын қор көрмей, қасиетіне балап «Қазақтың қызы деген ғажап атқа» лайық екенін сезінсе, соған сенсе дейсің. Әй, бірақ...
«Құралай көз, қолаң шаш,
Алма мойын қиғаш қас», қайран да қазақтың хас сұлулары...
«Абай-ақпарат»
Суретте - 2007-нші жылы «Ақ босаға» газеті өткізген «Қолаң шаш ару» байқауына қатысушы қыздар. Суреттер facebook әлеуметтік желісінде Анса Мұстафаның жеке парақшасынан алынды.