Де Куэльяр 1940 жылы Перудің сыртқы істер министрлігінде жұмыс істей бастады, Перу делегациясы құрамында БҰҰ-ның алғашқы сессиясына қатысты. Швейцариядағы, КСРО-дағы, Польшадағы және Венесуэладағы елші қызметтерін атқарды.
1975 жылы ол бас хатшының Кипрдегі арнайы өкілі болып тағайындалды. БҰҰ бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары болды. 1981 жылы БҰҰ атынан Ауғанстандағы жағдайды реттеуге қатысты.
1982 жылы ол БҰҰ Бас хатшысы болып сайланды. Бұл қызметті ол 1991 жылға дейін атқарды.
Abai.kz