Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4766 8 пікір 9 Наурыз, 2020 сағат 12:38

Артық қыламыз деп, тыртық қылып алмасақ болғаны...

Графикамыз ауысады деген "сыбыс" шығып, латын әліпбиіне көшу үрдісі басталғаннан, бірінші болып қолдағандардың ішінде өзім де бар едім. Неге екенін, сөзді көбейтіп айтпай-ақ қояйын. Әу бастан, барлығы айтылды, жазылды, түсіндірілді десе болады.

Өз басым, көшетін болсақ, бір тұтас, толық Ұлт болып қана көшкеніміз жөн деп, ойымды бірден ашық айтқан едім. Олай дегенім, орыс тілділер кирилицада қалып, тек қазақтарды ғана латын әліпбиін қолданатын қылмай, баршамыз бір Ұлт болып көшуіміз керек. Латын әліпбиіне көшуде батылдық қажет, деп те айттым.

Осы уақытқа дейін, халықты, орыс тілді, Қазақ тілді деп, екіге бөліп келгеніміз жетеді. Сол, халықты екіге бөліп келгеніміздің кесірінен, осы ұзақ уақыт бойы, бір тұтас Ұлтқа айнала алмай, әлі жүрміз. Тағы қайталайын. Тіл мәселесіне келгенде, халықты екіге бөліп, жаруға болмайды!

Одан қоймай, мектептерге үштілдікті кіргізіп, балалар түгілі үлкендеріміздің милары шайқалып естерін жинай алмай әлі жүр. Бұл жайлы да жан жақты жазылды, айтылды. Не керек, жоғарыға шыққандар, не ата-аналардың, не ұстаздардың жан айқайларына құлақ аспай келеді.

Дегенмен, жылдан жылға, балаларын Қазақ тілінде оқытуға бел буған ата-аналардың саны, артып келе жатқан кезде, міне, енді "әріптің" өзін қақ жарып, Қазақ тілді, орыс тілді ортаның арасын одан сайын алыстатуға көштік. Тілді үйренетін кез келді деп, балаларын қазақ мектебіне бергелі тұрған ата-аналар, бүгінгі күні қатты ойланып қалды. Ертең, латын графикасымен бастарын қайта ауыртып жүргенше, сол үйренгішті кирилицада жүре бергендері дұрыс деп, балаларын енді орыс тілінде оқытып жатқандары көбейіп келеді. Бұл дегеніміз, енді ғана қысқартыла бастаған орыс мектептерінің, қайта "жаңғыруына" жол беру.
Сонда, қалай болғаны?

Ал, енді өзіміз тұрып жатқан жердің көшесінде жарнамалық, көрнекі ақпараттар, латын графикасымен жазылып жатқанын жан жақтан байқауға болады. Бірақ, тағы, тек қана Қазақ тіліндегі ақпараттар ғана, латын әліпбиімізде жазылып, ал, орыс тілі, сол баяғы кирилицада жарқырап тұрғандарын көресіздер. Қорқатын ештеңе жоқ деп айтып көрейік енді. Мен керсінше, қорқыныштың бәрі осы жерде дер едім.

Қала, көшелерімізді қазақиландыра алмай жүріп, Қазақ тілді жазбалар латын графикасымен жазыла бастағаннан, Қазақ тілін енді үйреніп, қазақша оқып бастаған азаматтарымызды өзіміз үркітіп, қуып жатқандаймыз. Не "кирилдағы" Қазақ әріптерін дұрыс танымайтын, не латын әліпбиді мүлдем ұқпайтын адам, енді не істесін. Әрине, көз алдындағы дайын тұрған, тағы сол үйреншікті  кирилицада жазылған ресей тілін оқып, әрі қарай жүре беретін болады. Сөйтіп, біздің тіліміз, Мемлекетіміздің тілі, тағы жетімсіреп қалуы әбден мүмкін.

Осылай болып жатқанын, біздің биліктегілер біле ме? Халық "қалаулыларымыздың" біреуі мәселені зерттеп көрді ме? "Кеңесшілеріміз" не дейді? Ешқайсымыз үндемей жүре беретін болсақ, не болады?
Енді, не болса да, артық қыламыз деп жүріп, тыртық қылып алмасақ болғаны...

Жасұлан Исаның әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583