Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 8152 22 пікір 10 Наурыз, 2020 сағат 12:20

Мемлекеттік тілге қатысты заңды өзгертуіміз қажет

Президент Қ. Тоқаевтың мемлекеттік тілге қатысты мәлімдемесі өте өзекті мәселе. Бүкіл идеологияның өзегі тіл. Қазақ тілі іс жүзінде мемлекеттік тілге айналып, бүкіл мемлекеттік мекемелер, барлық қызмет беруші орындар, көшедегі халық та жаппай қазақ тілінде сөйлеген кезде барлық мәселе өз орнына жайғасады. Ешбір ұлтқа қазақ тілін үйреніңдер деп жалынбас едік.

Мемлекет басшысы тілге қатысты бұл мәлімдемесін президент болып сайланғаннан кейін де айтқан болатын. Демек Тоқаев тіл мәселесінің кезек күттірмей шешілуі тиіс өзекті мәселе екенін түсініп отыр. Бірақ осыған ұқсас мәлімдемені Н.Назарбаев та бірнеше рет жасаған. Алайда 30 жылда мемлекеттік тіл кері кетпесе, оңалған жоқ. Сондықтан Қ. Тоқаевтың бұл мәлімдемесі құрғақ уәде болып қалмас үшін оны жүзеге асыратын мемлекеттік стратегиялық кешенді бағдарлама қажет. Саяси шешім қабылданса, ол да болады.

Ең әуелі мемлекеттік тілге қатысты заңды өзгертуіміз қажет. Олай болмағанда, қазақ тілінің мәселесі тағы да әдемі сөз күйінде қала бермек.

Қайрат Жолдыбайұлының әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

22 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5598