Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4736 3 пікір 19 Наурыз, 2020 сағат 13:23

Ермұқан Бекмаханов: "Тарихшыларға шындық жетпейді"

1957 жылдың наурыз айының басы. Біз университеттің соңғы курсында оқимыз. "СССР тарихы" кафедрасындағы оқытушы Руфина Филипповна Смирнова кандидаттық диссертация қорғайды" деген хабарландыруды оқып, конференция залына кірдік. Ойымыз диссертация қорғаудың қалай болатынын көру. Залда отырғандардың қарасы көп екен. Біз артқы жақтағы бос орындарға тізе бүктік. Оң жақ қапталымыздан ұстазымыз Ермұқан Бекмахановты көзіміз шалды. Смирнова диссертация мазмұнын айтып шықты. Талқылау басталды.

Профессор Аббас Әлиев мінберге шығып, Смирнованың жұмысын ал кеп мақтасын. Одан кейінгі сөйлеушілер де оны қоштап, диссертациялық жұмысты жоғары бағалады. Соңынан Ермұқан аға кеңес төрағасы Закариннен сөз сұрады. Мінберге көтерілген Бекмаханов дәл осы тақырыпта осыдан бірнеше жыл бұрын диссертация қорғалғанын, оның авторының кім екенін, Смирнова соның еңбегін сөзбе-сөз көшіргенін, өздігінен ешқандай ой қоспағанын айта келіп, диссертация қорғаушының жұмысын бекітуге қарсы болды. Әлгінде ғана мақтау сөзге малынып отырған қорғаушының екі бетінің қаны қашып, лезде сұрланып кетті. Төрдегі кеңес мүшелері де мұны күтпесе керек. Олар абдырап отырғанда мінберге профессор Әлиев қайта барып, ашулы қатқыл үнмен: "Бекмаханов жолдастың біреуді қараламаса тек жүре алмайтыны рас екен. Жұрт мұны бүлікшіл деуші еді. Соған бүгін менің көзім анық жетіп отыр. Қарақұрт деген жәндік бар. Денесіне жиналған уын әлденені шағып жіберіп отырмаса, өмір сүре алмайды. Бекмаханов та сол. Біреудің үш жылғы еңбегін жоққа шығармаса, ішкен-жегені бойына сіңбейді", – деп көкіді.

Әлиевтің сөзі шымбайына батқан Ермұқан аға да орнынан тұрып, төрағадан сөйлеуге рұқсат сұрады. Закарин залдағыларға қабағын шытып: "Осы тарихшыларға не жетпейді? Үнемі бір-бірімен қырық пышақ болып, айтысады да жатады", – дей бергенде, Ермұқан аға кейіп кетті: "Шындық! Ақиқат жетпейді, жолдас Закарин!" Төраға оған ежірейе бір қарады.

Осы жайсыз жағдайдан кейін Ермұқан ағаны университеттен қуып, қалайда құтылудың жолын қарастыра бастады...

28.01.1992 ж.

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

 

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1502
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5708