Бейсенбі, 15 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2501 0 пікір 23 Маусым, 2009 сағат 20:00

Астанада ҚР әділет вице-министрі автокөлікті мас күйі басқарғаны үшін ұсталды

Алматы. 23 маусым. ҚазТАГ – Дилярам Аркин.  Астанада автокөлікті мас күйі басқарғаны үшін ҚР әділет вице-министрі Марат Бекетаев ұсталды. Бұл туралы ҚазТАГ тілшісіне Астана жол полициясы басқармасының (ЖПБ) бастығы Бақыткелді Айқымбеков хабарлады.

«Жұмадан сенбіге қараған түні сағат екілер шамасында Молдағұлова көшесінде жол полициясының қызметкерлері «Тойота-Камри»  автокөлігін мас күйі басқарған жүргізушіні тоқтатты. Құжаттарын тексеру кезінде ол ҚР әділет министрі орынбасарының қызметтік куәлігін көрсеткен», - деп хабарлады Б. Айқымбеков.

Оның айтуынша, ішімдік ішкен вице-министр «медициналық куәландырудан өтуден үзілді-кесілді бас тартқан». 

Қазіргі уақытта М. Бекетаевтың ісі Астананың әкімшілік сотына жолданды.

32 жастағы Марат Бекетаев әділет вице-министрі қызметіне 2007 жылдың 7 маусымында тағайындалған. Оны ұжымға сол кезде әділет министрі болған Зағипа Балиева таныстырған. Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалғанға дейін М. Бекетаев ҚР премьер-министрінің кеңесшісі болған. Қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны және мемлекеттік қызметті мінсіз атқарғаны үшін «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2628
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4296