Сенбі, 19 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2124 0 пікір 24 Маусым, 2009 сағат 08:08

Қырғызстанда содырлар тобын жою бойынша арнайы операция өтіп жатыр, жарақат алғандар мен қаза болғандар бар

Алматы. 23 маусым. ҚазТАГ – Қырғызстанда содырлар тобын жою бойынша арнайы операция жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды «24.kg» агенттігі құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.

Заңсыз қарулы құрылымның мүшелері Созақ ауданындағы Таш-Бұлақ ауылындағы тұрғын үйде бекініп алды. Бұл ауыл Жалал-Абад қаласына жақын жерде орналасқан. Содырларды жоюға «Альфа» тобының жауынгерлері тартылды.

Агенттіктің ақпаратына сәйкес, үш содыр өлтірілді. Арнайы бөлімшенің екі сарбазы ауыр жарақат алды, олар ауруханаға жеткізілді.

«Содырлар тұрғын үйде бекініп алып, күшті қарсылық көрсеті. Арнайы бөлімше сарбаздарының пікірінше, бұл содырлардың әскери дайындығының жақсы екенін көрсетеді. Шабуылдау кезінде қаза болған содырлардың ішінен Садықов  (лақап аты Палван) және Бай атты содырдың туған ағасы Сулайманов анықталды. Бай 2006 жылдың 14 шілдесінде  Жалал-Абад қаласында лаңкестерге қарсы осындай операция кезінде өлтірілген болатын. Ол кезде Ферғана лаңкестерінің арасында жақсы белгілі Нуриддин Закирдиновтың да көзі құртылды. Олардың барлығы «Өзбекстанның ислам қозғалысының» мүшелері болған», - деп хабарлайды агенттік.

2006 жылы жойылған содырлар ірі қылмыстарға қатысты болған. Соның ішінде, 2004 жылдың қарашасында Ош облыстық ІІБ ғимаратының жанында милиция қызметкерін өлтіруге, Қаймақ-Құма уақытша оқшаулағышына (Тәжікстан, 2005 жылдың қаңтары) және «Ляккан» шекара заставасына (Тәжікстан, 2006 жыл, мамыр ) шабуылдарға, Жалал-Абад қаласында  МАИ қызметкерін атып өлтіруге (2006 жылдың 9 шілдесі), 2006 жылы мамырда ҚР Баткен облысына басып кіруді ұйымдастыруға қатысты болған.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2036
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4897
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4093