Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3892 17 пікір 30 Наурыз, 2020 сағат 13:00

Қызылорда облысының экс-әкімі үйқамаққа алынды

Қызылорда облысының әкімі болған Қуанышбек Ысқақов сот шешімімен үй қамауына алынды. Бұл туралы Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген (Қылмыстық Кодекстің 190-бабы, 4-бөлігінің 2-тармағы). Ысқақовты қамау туралы санкцияны тергеу соты 28 наурызда шығарған.

"Сараптама нәтижесінде күдікті Қуанышбек Досмаилұлы Ысқақовқа қатысты "үйде қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өтініші қанағаттандырылды.

Бұлтартпау шарасының мерзімі 2020 жылдың 26 наурызындағы 22:28-ден бастап 2020 жылдың 26 мамырындағы 22:28-ге дейін екі айға жалғасады", - делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін Ысқақовтың ұсталғаны туралы қауесет WhatsApp желісінде тараған. Онда Ысқақовпен бірге оның туысы Жеңісбек Ысқақовтың, көмекшісі Азат Досмаиловтың және оның орынбасары болған Марат Ділмұхановтың есімдері аталған болатын. Осыған дейін бұл ақпаратқа қатысты облыс әкімінің баспасөз қызметіндегілер нақты мәлімет бере алмайтынын, себебі қашықтан жұмыс істеу режиміне көшкенін айтқан еді.

Аталған ақпаратта Ысқақовтардың Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына арналған "Сыр мейірімі" қоғамдық-әлеуметтік қорынан 80 миллион теңге алғаны айтылған.

Айта кетейік, Қуанышбек Ысқақов Қызылорда облысы әкімі қызметіне 2019 жылдың маусымында тағайындалған.

Ысқақовты қамау туралы сот шешімі шыққан күні оның орнына Қызылорда облысының әкімі болып Гүлшара Әбдіқалықова тағайындалды.

Abai.kz
17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555