Жексенбі, 24 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 4219 3 пікір 1 Сәуір, 2020 сағат 15:10

Ала қойды бөле қырқу кімге керек?

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Төтенше жағдай кезеңін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссиясына коронавируспен күрес жүргізіп жатқан медицина қызметкерлерінің жалақысына үстеме ақы төлеу туралы берген тапсырмасын естігенде қуанып қалғанбыз. Себебі, біздің бәріміз үйде тығылып отырғанда аты жаман індетпен алғы шепте алысып жатқан солар болғандықтан, еңбектері ескерілсе дейсің ғой.

Сол мақсатпен, бұған дейін И.Жекенова атындағы Алматы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы қызметкерлерінің «Отырар» қонақүйіне орналасқанымен, олардың тамақпен, арнайы көлікпен қамтылмағаны жабыла көтергеннің арқасында ғана ондағы 60 астам қызметкер үш мезгіл тамақпен және автобуспен қамтылған болатын.

Енді бүгін тағы шу шығып отыр. Аталған аурухананың аурулармен тікелей жұмыс жасап, тест алатын лабороториясы мен вирустармен тікелей жұмыс жасайтын бактериялық лабороториясының қызметкерлері мемлекеттік комиссия бекіткен үстемақыдан қағылып отыр екен! Тіпті, қаланы карантинге жапқанға дейін, аурулардың бәрін қала сыртындағы туберкулез диспансерлері секілді оқшаулау орталықтарында ұстаған кезден бастап, тынбастан өз аяқтарымен барып сынама алған бұл қызметкерлер әлі күнге дейін тынбастан науқастармен және вируспен тікелей контактіде болып келеді.

Бұл дегеніңіз – нонсенс қой! Сонда, вирус жұқтырды деген күдікпен аурухана әкелінетін әрбір адамның диагнозын анықтаумен тікелей айналысатын дәрігерлерге бермегенде, кімге берейін деп отыр, ол үстемақыны?! Әлде жұмыстарының қауіптілігін білдіру үшін де бір-екі қызметкер әлгі індетті жұқтыруы қажет пе (беті аулақ)? Жалпы осы ала қойды бөле қырқу кімге керек болып отыр?

Тіпті, қажет болса, әрбір қаладағы қазіргі таңда коронавируспен тікелей күресіп жатқан жұқпалы ауруханалардың (инфекционные больницы) әрбір қызметкері бұл өтемақыдан құр қалмау керек деп есептеймін. Себебі, Алла сақтасын, егер елдегі жағдай күрт нашарласа,  сіз бен біздің, жақындарымыздың жанымызға араша болатын солар және олар еліміз бойынша соншалықты көп те емес.

Нұраддин Садық

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570