Жексенбі, 24 Қараша 2024
6014 11 пікір 5 Сәуір, 2020 сағат 14:35

 «Ақ жол» Демократиялық партиясының мәлімдемесі 

«Ақ жол» Демократиялық партиясы ҚР Ұлттық банкінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі базалық мөлшерлемені 12%-дан 9,5%-ға дейін төмендету туралы шешімін қолдайды. Бұл шешім қазіргі дағдарыс жағдайында елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалына оң ықпал етеді деп санаймыз.

Естеріңізге сала кетейік, «Ақ жол» Демократиялық партиясы осыдан үш апта бұрын, яғни 2020 жылғы 11 наурыздағы депутаттық сауалында Ұлттық банктің алдындағы, 10 наурыздағы банк мөлшерлемесін 9,25%-дан  12%-ға дейін күрт көтеру туралы шешімін ресми сынға алған еді. Біз бұл шешім- мөлшерлемелерді көтеру экономиканың өсуі кезінде қолданылып, ал дағдарыс кезінде керісінше, несиелерді арзандату туралы контрциклдық тәртібіне қайшы екенін мәлімдеме жасаған болатынбыз. Дамыған елдердің орталық банктері керісінше тиісті индикаторларды едәуір төмендеткені тегін емес, ал, АҚШ-тың Федералдық Резервтік Қоры өзінің мөлшерлемелерін тіпті 0%-ға төмендетті.

Өз сауалымызда, біз сондай-ақ ҚР Ұлттық банкінің мөлшерлемелерді көтеруі және екінші деңгейдегі банктерде несиелер бойынша пайыздың өсуі отандық өндіріске тиімсіз екенін  және Қазақстан ішкі нарығының импортқа тәуелділігі күшейетінін айтқан болатынбыз. «Ақ жол» Демократиялық партиясы азық-түлік пен жалпы халықтық тұтыну тауарларын өндірушілерге арзан әрі ұзақмерзімді несиелер беруге, өндірістік емес және сыбайластық кедергілерді жоққа шығаруға шақырды. Алған соққыны  бейтараптандыру үшін базалық мөлшерлемені кем дегенде 5-7% дейін төмендетіп, негізгі тауарлар өндірісін несиелендіруді жандандыру, тұтынушылық несиелерді екі есе арзандату, шағын және орта бизнес жұмысын  және оның қызметкерлерінің кірістерін қамтамасыз ету қажет деп санаймыз.

Сонымен бірге, дағдарыстың бас кезінде базалық мөлшерлемені көтеруде жіберілген қателіктер жағымсыз экономикалық және әлеуметтік нәтижелерге соқтырды. Дағдарыс басталған өткен айда бірде-бір банк қиын жағдайға ұшыраған азаматтар мен шағын және орта кәсіпкерліктен төлем  өндіруден бас тартпады. Бұл олардың Ұлтық банктің базалық мөлшерлемелерді бастапқы көтеруін несие саясатын қатайту белгісі деп қабылдағанын аңғартады.

Қаржылық нарықты реттеу Агенттігінің жақында қарыз алушыларға тіпті ескерілмеген қиындықтар кезінде тек төтенше жағдай кезінде төлемдерді кейінге қалдыру (қарыздарды банктер талабымен кейіннен өтеу арқылы) шешімін кешіктірілген және жеткіліксіз деп санаймыз. Онда азаматтар мен кәсіпкерлердің жаппай зардап шеккені ескерілмеген. Төтенше жағдай ұлттық деңгейінде енгізілді, коронавирустың ошақтарын шектеу мен жоюдағы оның тиімділігі күмәнсіз. Дегенмен, дәл осы жағдай экономикадағы күйзеліске, шаруашылық байланыстардың үзілуіне және ондаған мың азаматтардың жұмысынан айырылуына әкеп соқты. Егер адамның алдында отбасын асырау немесе банкке несие төлеу таңдауы тұрса, таңдау қайсысы болары айқын. Бірақ содан кейін мыңдаған отбасылардың және экономикаға қосқан үлесі 29% -дан астам және жұмыспен қамтуға 40% -дан асатын шағын және орта бизнестің үлкен бөлігінің жойылу қаупі бар. Мемлекет бұның оннан бір бөлігін де жоғалтуға дайын ба?

Сондықтан, қиын жағдайға тап болған қарыз алушылар үшін төтенше жағдайлар кезінде несие бойынша төлемдерді толығымен алып тастау шараларын әзірлеу қажет. Агенттік бұны уақыт созбай, көп ойланбай бір ай бұрын дереу жариялауы керек еді. Біз екінші деңгейдегі жетекші банктер Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешімінен кейін, мемлекеттің қатысуымен осындай шешімдер қабылдауға дайын екендіктерін мәлімдеуі дұрыс болар деп санаймыз. Бұл әр банктің сөзбен емес, іс жүзінде өз клиенттеріне қолдау көрсетуі болатын еді.

Дәл осындай  бастамалар коммуналдық және басқа да монополистерден де шығу керек. Әрине, бұл банктер мен монополистер үшін едәуір шығын болатыны белгілі. Бірақ таразының екінші жағында - он мыңдаған отандастарымыздың жоқшылыққа ұрынуы тұр. Бұл қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың басты мәселесі болып табылатын -қоғамның бай және кедей топтарға бөлінуінің нәтижесі.

Несие жағдайларымен бірге, жергілікті мемлекеттік органдардың азаматтарға мемлекеттік қолдауға бөлінген 42 500 теңге мөлшердегі төлемдерді, азық-түлікке аса мұқтаж көпбалалы аналар, мүгедектер, қарт адамдарды қамтамасыз етуге кеш қимылын көрсетті. Әлеуметтік желілерде азаматтардың наразылығы, ұзын-сонар кезекке тұруы мен мемлекеттік қызметшілердің күмілжітіп ақталулары туралы хабарламалар қаптап жүр. Дағдарыс әлеуметтік қамтамасыз ету қызметтерін, білім беру, қаржы салаларын цифрландыру, шағын және орта бизнесті қолдау және тағы басқа көптеген миллиардтар жұмсалған мемлекеттік бағдарламаларды орындауда үлкен  олқылықтардың бар екенін  анық көрсетті. Шенеуніктердің айтқандарына керісінше, әлеуметтік төлемдерді ресімдеу үшін ресурстар бірнеше күн бойы көпшілік үшін қол жетімсіз болып кетті. Әңгіме құжаттарды толтыруда емес. Әр сағат қымбат болған дағдарыс кезінде, бюрократиялық және қатып қалған әдістемелерден арылу керек. Адамдарға қысқа мерзімде, бірер сағат ішінде қаржылай көмек көрсетуді, өздері жүре алмайтын, кезекке тұра алмайтын адамдардың бәріне үнемі азық-түлік таратуды қамтамасыз ету керек. Алаяқтарды кейін де анықтап, жазалауға болады; ал мұқтаждардың тізімін әлі созбай дәйектеу, мысалы, бала күтімі бойынша демалыста АӘК алмайтын аналарды қосу керек сияқты.

Қиыншылдықтар тек бірлікпен еңсеріледі. «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» дегендей, дәл бүгін халқымыз бірге жұдырықтай жұмылып, Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссия нұсқауларын, Үкімет тапсырмаларын орындауы керек. Еліміз бұл сынақты да  абыроймен өтіп, ал мемлекеттік органдар өздеріне жүктелген зор жауапкершілікті еңсереді деп сенеміз.

Бірақ жағдай тұрақтанғаннан кейін нақты қаһармандарды - медицина мен полиция қызметкерлерін, волонтерлерді құрметтеп қана қою аздық ететіні анық. Бізге атқарған жұмыстарды талдап, қателіктерден сабақ алуы жөнінде үлкен жұмыс өткізу қажет. Оның ішінде, мемлекеттік басқару жүйесінің нақты тиімділігін бағалап, саяси өзгерістер, қоғам мен парламенттік институттардың рөлін күшейтусіз болмайтыны анық. Сонын ішінде - байлар мен кедейлердің арасындағы әлеуметтік алшақтықты азайту, әділетті мемлекет пен адал экономиканы құру сияқты басым міндеттері тұр.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5584