«Әдеби шеберлік мектебіне» өтінім қабылдау жалғасуда
2024 жылдан бері Қазақстан Жазушылар одағы Қазақстан РеспубликасыМәдениет және ақпарат министрлігімен стратегиялық әріптестік аясында«Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» курсын жыл сайын тұрақты түрде өткізіп келеді. Биыл да аталған жоба жалғасын тауып отыр.
Жас қаламгерлер назарына «Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» курсына құжаттар қабылдау басталғанын ескерте отырып, жобаға қатысуға шақырамыз.
Жобаның талаптары:
– Жобаға қатысуға еліміздің барлық аумағында тұратын жас қаламгерлер (18-35 жасқа дейін) өтінім бере алады;
– Өтінім беруші Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болуы міндеттіемес.
Жобаның іске асу кезеңдері:
– Қазақстан Жазушылар одағы дәріс оқитын, шеберлік сыныбын өткізетін шетелдік және отандық танымал қаламгерлерден тұратын «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебін» құрады (Шеберлік мектебінің мүшелері халықаралық беделді әдеби сыйлық иегелері, Қазақстанның Халық жазушылары, Мемлекеттік сыйлықтың және беделді әдеби сыйлықтардың лауреаттары, жетекші әдебиеттанушы ғалымдар, әдебиет пен баспа ісінеқатысы бар кәсіби мамандар).
– Қазақстан Жазушылар одағы жанынан құрылатын комиссия талапкердің шығармашылық өмірбаянын (шығарған кітаптары мен марапаттары, жеткенжетістіктері) саралау арқылы жобаға қатысушылардың тізімін бекітеді.
– Тізімге енген жас қаламгерлер Қазақстан Жазушылар одағының жанындағы «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебіне» 10 күндік оқуға келеді (Оқу бағыттары: шетелдік және ұлттық әдебиеттің бастауы, бүгіні мен болашағы, шығармашылық бағыт-бағдар, жазушы зертханасы т.б.).
Әдеби шеберлік мектебіне қатысушы жас қаламгерлердің жолы, тамағы және жатын орны Қазақстан Жазушылар одағы тарапынан төленеді.
Жоба соңында әр жас қаламгерге сертификат беріледі.
Жобаның мақсаты – жас қаламгерлерді қолдау, әдеби процестерментаныстыру, шеберлік дәрістерін тыңдату, жаңа шығармалардың жазылуынаықпал ету.
Өтінімдер 2026 жылғы 15 маусымға дейін келесі тізбек бойыншақабылданады:
1. Өтінім;
2. Талапкердің шығармашылық өмірбаяны;
3. Белгілі қаламгер немесе Қазақстан Жазушылар одағы облыстық өкілінің қолы қойылған ұсыныс.
Өтінімдер Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 105-үй,26-кабинет мекен-жайына немесе jazushylar_odagy@mail.ru электронды поштасына жіберілуікерек.
https://qazaqadebieti.kz/60590/zhas-zhazushylardy-debi-sheberlik-mektebi-kursyna-tinimder-abyldau-bastaldy
Abai.kz