Жексенбі, 24 Қараша 2024
2696 14 пікір 6 Сәуір, 2020 сағат 10:34

Мұнай келіссөздері Мәскеу мен Эр-Рияд дауына байланысты кейінге қалды

Мұнай экспорттаушы елдердің 6 сәуірге жоспарланған конференциясы кейінге шегерілді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, видеоконференция форматында ұйымдастырылатын форум 8 немесе 9 сәуірде өтуі мүмкін.

Мәскеу мен Эр-Рияд арасындағы дау конференцияның жоспарланған уақытта өтпеуіне себеп болды. Олар мұнай бағасының құлдырауына бірін-бірі кінәлап отыр.

Форумды АҚШ президенті Дональд Трамп өткізгісі келіп отыр. Ол әлемдегі мұнай нарығы тұрақталғанын қалайды.

30 наурызда мұнай бағасы 18 жыл бұрын тіркелген ең төменгі межеге жетті. Коронавирус пандемиясы салдарынан мұнайға сұраныс күрт кеміді. Әлемде көлік қозғалысы азайып, көптеген кәсіпорын жұмысын тоқтатты.

Конференцияда мұнай экспорттаушы елдер мұнай шикізаты өндірісін шектеуге келісуге тырысады.

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588