Жексенбі, 24 Қараша 2024
2494 0 пікір 7 Сәуір, 2020 сағат 11:07

БҰҰ карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейгенін мәлімдеді

Коронавируспен күресу үшін әлемнің көптеген елінде енгізілген карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейіп кетті. Осылай деп Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) бас хатшысы Антониу Гутерриш твиттер арқылы видеоүндеу жариялады.

"Соңғы аптада экономикалық және әлеуметтік қысым мен үрей күшейген кезде, біз отбасылық зорлық-зомбылықтың куәсі болып отырмыз", - деді Гутерриш. Оның сөзінше, оқшаулану кезінде бірқатар әйелдер күйеуінің "қақпанына түсіп" құрбанына айналып жатыр. Кейбір елдерде көмек сұраған әйелдер саны артқан. Құқық қорғау органдары мен медицина қызметкерлерінің жұмысы ауырлап тұрған кезде, оларға көмектесетін қызметкерлер жетіспей жатыр деп атап өткен Гутерриш.

Бұл мәселені шешу үшін БҰҰ бас хатшысы билікке үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыруды ұсынды. Сонымен бірге дүкендер мен дәріханаларға зорлық-зомбылыққа қауіп төнген жағдайда жедел-жәрдем жүйесін орнатып қоюға кеңес берді.

Мәселен, Ресейде отбасылық зорлық құрбандарымен жұмыс істейтін тоғыз қоғамдық ұйым зардап шеккендерге көмектесу үшін биліктен тез арада шара қолдануды сұрайды.

Кейбір статистикалық мәліметке сүйенсек, Жер бетінде қазір 2,6 миллиард адам карантинде отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5606