Үш қала сусыз, жарықсыз және жылусыз қалды
Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты үш қала сусыз, жарықсыз және жылусыз қалды.
Қостанай, Рудный, Лисаковск қалаларында электр беретін құрылғылар мен ағаштар, билбордтар мен ғимараттардың қаптамасы қираған.
"Жарық бар кезде 11 хабарлама түсті. Оның үшеуі электр беру құрылғыларының қирағаны туралы болды. Қазір бүкіл қала бойынша ақпарат анықталып жатыр" - дейді Қостанай облысы әкімдігінің Ахуалдық орталығы басшысының міндетін атқарушы Әлішер Батырбеков.
Ал, Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жағдайды қалпына келтіріп жатқандарын айтады.
«Қатты желден болған электр желілеріндегі апат салдарынан шахталар сусыз және электр жарығынсыз қалды. Су құбырындағы сорғылар электрмен жұмыс істеп жатыр, яғни бәрі байланыстырылған. Қазір қалпына келтіруге тырысып жатырмыз.Бірақ ауа-райының нашарлауына байланысты жөндеу жұмыстары қиынға соғады» - деді Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы Олжас Өмірзақов.
Сондай-ақ, Лисаковск тұрғындары су, электр энергиясы мен жылудың тоқтатылатындығын хабарлайды.
Қостанайда автобус қатынасы тоқтатылды. Көптеген аймақтық жолдар көрінбейді. Бірнеше апат тіркелген.
Abai.kz