Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
5528 1 пікір 8 Сәуір, 2020 сағат 11:20

Сарымсақ, лимон және әдіраспан: Тәжікстан тұрғындары коронавирустан халық емімен сақтануды жөн көреді

Тәжікстан билігі елде коронавирус тіркелген жоқ деп отыр, бірақ ресми мәліметке сенбейтін тұрғындар сарымсақ, лимон және әдіраспан сатып алып жатыр.

Тәжікстан базарларында сарымсақ пен лимонға сұраныс жоғары болғандықтан, бағасы үш есеге көтерілген. Сарымсақтың бір келісі 11 доллар, ал лимонның бір данасы 3 доллар тұрады. Әдіраспан да екі есе қымбаттаған.

Сұраныстың артуына қуанған саудагерлер де сарымсақ пен лимонның пайдасы туралы айтудан шаршамайды. Бірақ базарда сарымсақ аз. Оны Қытайдан жеткізетін, қазір шекара жабық тұр. Лимон маусымы да аяқталуға жақын, келесі маусым күзде басталады.

Әдіраспанды Душанбе орталық базарының сауда залында түтіндетіп жүргендер бар. Әдіраспан түтіні вирустар мен микробтарды өлтіреді дейді. Тәжікстан тауларында әдіраспан көп.

Abai.kz
1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1034
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2583
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 725
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 685