Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3827 5 пікір 14 Сәуір, 2020 сағат 12:26

Адамдықта шекара жоқ!

Қазақтың тектілігіне таңғалам. Рас айтам. Дəл осы сөзім пафос емес. Пафосты жек көрем.

Бүгін бір жазбамда "қазы жегім келді" деп жазғам. Мəскеуде тұратын қазақ келіншек "Ая, сəлеметсіз бе! Сіздің жазбаңызды оқыдым. Егер метро Молодежнаяға келе алсаңыз, мен сізге қазы берейін. Қостанайдан алдыртқанмын, мамам өзі жасаған. Ауылдың дәмінен ауыз тиіңіз дегенім ғой" деп жазыпты. Жекеге жазылған хатты жариялағаныма оқырманым ренжімес деп ойлаймын. (Жалпы жекедегі хат жекеде қалу керек деп санайтын адаммын).

Бұл жай хат емес, бұл - қазақтың қазақтығын, адамның адамдығын көрсететін хат. Біреу болмаса, біреуге ізгілікті ой салар, ұйықтап жатқан миларды оятар дегенім ғой.

"Тегін ала алмаймын, ақшасын төлеп алайын" десем, "жоқ, сізден бір тиын алмаймын" дейді үзілді-кесілді.

Барғанда байқатпай қалтасына ақша салып жіберуге ақылым жетеді. Бірақ оның тап-таза сезімін, көңілін таптаймын ғой.

Өзі болса, елден жырақта. Карантин қашан бітетіні белгісіз. Шекара қашан ашылатыны белгісіз.

Бірақ адамдықта шекара жоқ! Адамдықта карантин жоқ! Рақмет, жақсы Адам!

Аягүл Мантайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1501
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5683