Жексенбі, 24 Қараша 2024
2066 2 пікір 15 Сәуір, 2020 сағат 14:42

Н. Нығматулин бизнес-ахуалды жақсартуға бағытталған заң жобасына қатысты пікір білдірді

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының жекелеген нормаларына қатысты пікір білдірді. 

Отырыс барысында талқыланған мәселелер ескеріле отырып, екінші оқылымға дейін пысықталатын болады

Ең алдымен, бұл заңнамалық түзетулер әзірлеушілердің жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және техникалық күрделі емес объектілерді салу үшін сараптамадан өткізу жөніндегі рәсімдерді жою жөніндегі ұсынысына қатысты. 

Мәжіліс депутаттары бұл норманы алып тастау қажеттігін айтып, мұндай ұсыныспен келіспеді.

Ережеге сәйкес техникалық жағынан күрделі емес объектілерге жатпайтын нысандарды қатарына биіктігі 5 қабаттан аспайтын тұрғын үйлер, сыйымдылығы 600 оқушыдан кем емес жалпы білім беретін мектептердің ғимараттары кіреді.

Сонымен қатар, бұның құрамында бір уақытта 800 адамға дейін болатын сауда және ойын-сауық нысандары бар. 

Яғни, бұл нысандарды заң жобасының нормаларына сәйкес сараптамасыз салу ұсынылған. Осыған сәйкес, мұны ведомстволық ережелер деңгейінде емес, заң деңгейінде жасау керек екенін айтты Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Депутаттардың айтуынша, Мемлекеттік монополия субъектісінің, мемлекеттік монополия субъектісі болып табылмайтын, бәсекелестік нарықта қандай да бір тауарды өндіруге, өткізуге айрықша құқық берілген заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының мемлекеттік монополия туралы заңнамасында белгіленген шектеулерді сақтамауы туралы норманы да алып тастау қажет. 

Осы ұйымдарды айқындау үшін әзірлеушілер монополияға қарсы орган бекітетін конкурстық тәртіпті енгізуді ұсынады.

Мәжілісмендер заң жобасы ұсынған нормалар мемлекеттік органдарға бәсекелі тауар нарықтарында жеке меншік нысанындағы монополистерді жасанды түрде құруға мүмкіндік береді деп есептейді.

Мәжіліс Спикері атап өткендей, соңғы жылдары отандық тауар нарықтарында бәсекелестік орта айтарлықтай нашарлады. 

АҚ және ЖШС нысанындағы шамамен 24 ұйым тек өз қалауы бойынша баға белгілеу мәселелерін шешеді.

Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, әзірлеушілер ұсынған түзету Мемлекет басшысының монополияға қарсы нақты шаралар қабылдау жөніндегі нұсқауларына қайшы келеді.

Осы ретте, Палата Спикері Мемлекет Басшысының (ағымдағы жылдың қаңтар айындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында) нарықта тек мемлекеттік емес, сонымен қатар жеке монополиялардың тым көп болуын атап өтіп, Үкіметке монополияға қарсы жөнінде нақты шаралар қабылдауды тапсырғанын атап өтіп, бұл норманы заң жобасынан алып тастау қажеттігін айтты. 

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары ауылдық елді мекендерде әмбебап байланыс қызметтерін субсидиялауды болдырмауды көздейтін түзетумен де келіспейді.

Осыған сәйкес Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин ауылдық телефон байланысына қатысты Үкімет ұсынған заң жобасындағы норманы қайта қарау керектігін айтты.  

Себебі заң жобасында ауылдық елді мекендердегі байланыс саласын субсидиялауды тоқтату көзделген. Ол ауылдағы телефон байланысының қымбаттауына алып келуі мүмкін. Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, бұл ауыл тұрғындарына қиындық туғызады. 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1502
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5705