Жексенбі, 24 Қараша 2024
2573 27 пікір 15 Сәуір, 2020 сағат 14:40

«Қытай БАҚ-тарындағы елімізге қарсы арандатуларды айыптаймыз!»

ҚКП ОК Халықаралық бөлімінің меңгерушісі

Сун Тао мырзаға,

Қытай Халық Республикасының

Қазақстан Республикасындағы төтенше

 және өкілетті елшісі

Чжан Сяо мырзаға!

 

Құрметті Сун Тао мырза!

Құрметті Чжан Сяо мырза!

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы жуырда Қытайдағы БАҚ-та жарияланған арандату мақалаларға байланысты наразылық білдіреді және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің осыған байланысты нотасына қосылады.

Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, көрші елде Қазақстан Республикасының территориясы мен тәуелсіздігіне көз алартатын жарияланымдар көбейіп барады. Осы жылдың 28 наурызында Қытайдың танымал WeChat әлеуметтік желісінде «Қазақстан Қытайға қашан оралады?» деген мақала; 8 сәуірде осы елдің ең ірі www.sohu.com интернет-платформасының сайтында «Неліктен Қазақстан Қытайға оралуға ұмтылады?» деген мақала жарияланған.

Біз мұндай ақылға сыймайтын сөздерді қорлау деп қабылдаймыз. «Ақ жол» Демократиялық партиясы мен еліміздің миллиондаған азаматтары үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттілігінен қымбат құндылық жоқ.

Осы басылымдардағы кержақ пікірлер қос халықтың арасындағы тату көршілік пен сенімге орасан зиянын тигізеді деп есептейміз.

Екі елдің мемлекеттері мен саяси партияларының міндеті, керісінше, бір-біріміздің ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тең диалог пен ынтымақтастықты дамыту деп санаймыз.

Сондай-ақ сізден осы басылымдар туралы біздің пікірімізді Қытай Компартиясы Орталық Комитетінің Халықаралық бөлімінің басшылығына жеткізуді сұраймын.

Азат Перуашев,

Партия төрағасы.               

Abai.kz

27 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1502
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5711