Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Талқы 4587 49 пікір 22 Сәуір, 2020 сағат 11:36

Нұрлан Нығматулин: «Асыл - тастан, ақыл – жастан»

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» және «Саяси партиялар туралы» заң жобалары қаралды.

Бұл заң жобасы Мемлекет Басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленген болатын.

Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, алғаш рет партиялық сайлау тізіміне әйелдер мен жастарға 30%-дық міндетті квота қаралып отыр. Осы ретте Нұрлан Нығматулин жастар квотасына ерекше назар аударды:

- Шынын айту керек, бұл мәселе қоғамда және жұмыс тобында көп талқыланды. Біріншіден, көптеген елдерде сайлау кезінде партиялық тізімде жастарға арналған квота міндетті түрде бекітілген. Екіншіден, қай кезде болса да, қандай қоғамда болса да жастарға деген сенім өте зор.

Әрине, жастардың өмірлік тәжірибесі аздау болуы мүмкін, бірақ олардың заманға сай идеялары, олардың заманға сай ұсыныстары өте көп. Қазақ халқы осындайда «Асыл – тастан, ақыл – жастан», дейді. Сондықтан, меніңше, жастар квотасы партиялық тізімде заң бойынша міндетті түрде болу керек. Әрине, 29 жасты біреулер жастау дейді, біреулер жасы жетті дейді, бірақ олардың заманға сай жаңа креативті идеялары бар, ұсыныстары бар. Сондықтан, меніңше, одан қорықпауымыз керек, - деді Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы саяси партияларды тіркеу үшін  партия мүшесiн 40 мыңнан 20 мыңға дейін төмендетудің маңыздылығына тоқталып, бұл нормалар әйелдер мен жастардың саясатқа белсенді қатысуын ынталандырып қана қоймай, еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға жаңа серпін беретінін атап өтті.

Abai.kz

49 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052