Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 7582 14 пікір 27 Сәуір, 2020 сағат 14:36

Билікке ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жаңа ұрпақ келуі керек

Ауыспалы кезеңде болмай қоймайтын әлеуметтік жіктелістер мен мүдде алуандығы қоғамды жік-жікке бөлгендіктен қоғамымызда кем-кетіктер шаш етектен. Үкімет тарапынан жүргізіліп жатқан экономикалық-әлеуметтік іс-шаралар бұқара халықтың әл-ауқатын көтеруге әлі де болса жетпей жатыр.

Осы кезге дейін жемқорлық деген жалмауызды ауыздықтау мүмкін болмай тұр. Жемқорлық індеті қоғамның барлық саласын жайлап алды. Қарапайым халықтың да ашу ызасын тудыратын осы әділетсіздік. Сондықтан да Үкіметті, парламентті жалпы билік атаулыны қатты сынға алу белең алуда. Бұл заңды да.

Бір жағынан ұзақ жылдар Тоталитаризм табанында жаншылған қоғамдық сана арғы- бергідегі бар жоғалтқанына бірден жеткісі келіп көптеген талаптар қоюда. Толассыз ағылып жатқан дақпыртқа сенген, даңғазалыққа желпінген топтар көбеюде. Бір анығы соңғы уақытта қоғам мүлдем өзгерді. Кеңестік иделогиядан ада, сауатты, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жаңа ұрпақ билікке көптеп келуі керек. Аға ұрпақтың билік сабақтастығын жаңа буынға беретін де уақыты жетті деп ойлаймын.

Ең бастысы Мемлекеттігімізді, тәуелсіздігімізді шайып жіберетін күштерге жол бермеу қазақ ұлтының басты міндеті екенін үнемі есте ұстауымыз керек.

Мұрат Бақтиярұлының әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5568