Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 3198 2 пікір 29 Сәуір, 2020 сағат 13:44

Біздің елде азаматтар көзқарасын білдіргені үшін қудаланбауы керек

Әлнұр Ілияшев деген кім?

1. Әлнұрмен былтыр Жанболат Мамайдың "Зұлмат" киносында ортақ танысымыздың арқасында таныстық. Ол кезде мен ол туралы естімеген едім және оның қоғам белсендісі екенінен хабарым болмады.

2. Сосын жаңалықтардан оның Алматы әкімдігіне 36 рет хат жолдап, бейбіт жиын өткізуге рұқсат алғанын оқып білдім.

3. Былтыр наурыз айында анекдот шығардым деп ойладым:
«Алматылық Полиция басқармасына жүгіріп кіреді. Полицейлер оған таңғалып қарайды:
- Жігіттер, бұл Полиция басқармасы ма?
- Иә, не мәселемен келдіңіз?
- Мен митингіге шығайын дегем, содан бірден сіздерге келіп тұрмын, қамауға ала беріңдер!

Бір айдан кейін әзілім шындыққа айналды. Әлнұр Ілияшев Полиция басқармасына келіп өзін қамауды өтінеді, өйткені қалайда бейбіт митингіге шығатынын айтады.

4. Ұлттық кеңеске мүше болып кірген соң, қоғамдағы жан-жақты пікірлерді жинақтау мақсатында Әлнұрмен кездестім.

5. Сосын биыл ақпанда Алматыда Дәурен Абаевпен кездесуде көрісіп қалдық.

6. Онымен кездесіп, "Prezident" деп аталатын саяси реформаларға қатысты көзқарасым баяндалған кітабымды сыйладым.

7. Өкінішке қарай, Әлнұрмен таныстығым осымен шектеледі. Ұзағырақ пікір алмасудың сәті де түспеді. Алдағы уақытта онымен әлі де кездесіп, жақынырақ танысамыз деп сенгім келеді.

8. Әлнұрдың көзқарастары мен ұстанымдарымен толық таныспын деп айта алмаймын. Бірақ соңғы бір жыл ішінде фейсбукта жазып жүрген дүниелерінен қоғамға қауіп төндіретін нәрселерді байқамадым. Мен оны азаматтық еркіндік жолында күресіп жүргені үшін құрметтеймін. Ол еліміздің кез келген азаматы сияқты адам құндылықтарын алға тартқан Атазаңымыз бойынша өз пікірін еркін жеткізуге құқылы. Әлнұрдың екі айға қамауға алынғаны бізді алаңдатуы тиіс. Мен оның тұтқындалуын айыптаймын, Біздің елде азаматтар көзқарасын білдіргені үшін саяси тұрғыдан қудаланбауы керек. Бұл бізді қоғам ретінде, мемлекет ретінде құрдымға жетелейтін жол деп білемін.

9. Әлнұр Ілияшевтің босатылуын талап етемін. Қоғам болып талап етуіміз керек.

Бақытжан Бұқарбайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2246
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3495