Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2636 0 пікір 24 Маусым, 2009 сағат 22:16

Темір ҚҰСАЙЫН. ҚАЙ УНИВЕРСИТЕТТІҢ БӘСІ БИІК?

Ресейлік тәуелсіз “Рейтор” агенттігі бір жыл бойы бұл сауалға жауап іздеп келген екен. Таяуда аталған агенттіктің сарапшылары дүние жүзіндегі он бес мың университеттің ішінен ең үздік деп танылған бес жүз жоғары оқу орнын анықтады.
Мұндағы үздіктер көшін АҚШ-тың атақты Массачусетс тех¬нология¬лық университеті бас¬тап тұр. М.Ло¬моносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті бесінші орынға табан тіресе, әй¬гілі Гарвард, Кембридж, Окс¬форд¬тардың өзі 6-14 орындарға жайғасыпты. Н.Бауман атындағы ММТУ– 55-орында. Пекин универ¬ситеті – 103-орында.
Қазақстандық жұлдызы жан¬ған жеті жоғары білім ордасының ара¬сынан әл-Фараби атындағы Қаз¬МҰУ – 372 орында. Осы тізімге М.Өтемісов атындағы Батыс Қа¬зақстан Мемлекеттік университеті де ілінген. Ол 418-ші орында. М.Қо¬зыбаев атындағы Солтүстік Қа¬зақстан мемлекеттік универси¬теті – 429 болып тұр. Осы арада айта кетерлік мәселе, Қазақстан Ме¬неджмент, Экономи¬ка және стра¬тегиялық зерттеу инс¬титуты, яғни КИМЭП  430 орынға табан тіреп, атал¬ған аймақтық жоғары оқу орын¬дарынан кейін қалып қойыпты.

Тәуелсіз Рейтор агенттігінің басты ұстанымы – білім сапасы мен ғылыми зерттеу жұмыста¬ры¬ның көрсеткіштері. Профессор – оқы¬тушылар құрамы кәсіби дең¬ге¬й¬ле¬рінің жоғары болуы. Мұндағы басты өлшемнің бірі – бір оқытушы¬ға қанша студенттен келетіндігі, – деді газет тілшісіне Махамбет Өте¬місов атындағы Батыс Қазақстан мемле¬кеттік университетінің рек¬торы Тұяқбай Рысбеков. Сонымен бірге рейтингтік бағалаулар бары¬сын¬да оқу орнының материалдық-техни¬калық базасы, қаржылық жай-күйі, халықаралық қызметі және таны¬малдығы да ескеріледі. Рейтинг қоры¬тындыларын сарапта¬ған кезде тәуелсіз агенттік біздің универ¬си¬теттің халықаралық сапа серти¬фи¬катымен қызмет жасайты¬нын, еу¬ропалық білім беру стан¬дарт¬тарына сәйкестігін, “Ұлттық экономика көшбасшысы – 2006” халықаралық және Қазақстан Пре¬зидентінің “Алтын Сапа” сый¬лық¬тарының, халықара¬лық көрме¬лер¬дің диплом¬дарын алғанын ескерсе керек.
Аталған агенттік сонымен қатар ТМД және Балтық бойы мемлекет¬тері жоғары оқу орындары рей¬тингісін де қоса жариялаған. Бұл көрсеткіштер 87 университет бойынша сараланған. Мұнда М.Өте¬місов атындағы Батыс Қа¬зақстан мемлекеттік университеті 79 орында тұр.
Сөйтіп, Ресейдің тәуелсіз сарап¬шылары тарихта тұңғыш рет әлемдік университеттің бәсін белгілеуде лайықты қадам жасады деп түйін түюге болады.

Темір ҚҰСАЙЫН, Орал.
«Егемен Қазақстан» газеті 24 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434