Жұма, 22 Қараша 2024
3346 2 пікір 5 Мамыр, 2020 сағат 11:56

Қазақстан Өзбекстанға наразылық нотасын дайындады

Қазақстан бұзылған су қоймасына байланысты Өзбекстанға наразылық нотасын дайындады, - деп хабарлайды Atameken Business.

Бұл туралы арнаға эксклюзив сұхбат берген Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов айтқан.

Вице-министрдің айтуынша, өзбекстандық тарап алып бөгеттің құрылысын қазақстандық тараппен ақылдаспастан бастап кеткен. Ал трансшекаралық нысандардың барлығы халықаралық ережеге сай, іргелес жатқан елмен келіссөз жүргізу негізінде салынуы керек. Осылайша Өзбекстан тарапы Біріккен ұлттар ұйымының конвенциясын өрескел бұзған дейді.

Екі елге ортақ есеппен айтсақ, 276 мың шаршы шақырым аумақты су басқан. Оның 80 мың шаршы шақырымға жуығы Қазақстанға тиесілі.

Айта кетейік, төтенше жағдай салдарынан 276 шаршы шақырым аумақты су басты. Оның 76 шақырымы Қазақстан аумағына тиесілі екен.

Еске салайық, Өзбекстанда 1 мамырда болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылған еді. Кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басқанын мәлімдеген.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333