Сенбі, 23 Қараша 2024
6082 0 пікір 20 Мамыр, 2020 сағат 16:50

Дүниежүзілік банк Қазақстанға қанша ақша берді?

Дүниежүзілік банк сарапшылары әлемдік экономикада «терең рецессия» мен 5% құлдырау болады, деп болжайды. Бұл туралы Forbes.kz жазды.

Банктің есебінше, COVID-19 пандемиясының салдарынан 60 миллион адам кедейліктің ең төменгі шегіне жетуі мүмкін. Сөйтіп, үш жыл бұрынғы дамуды кері шегереді. Бұл әлемдік деңгейде.

2015 жылғы дерек бойынша, әлемде 734 миллион адам немесе әлем халқының 10%-ы өте кедей тұрмыс кешкен екен. Ал кедейліктің ең төменгі көрсеткіші - күніне 1,9 доллардан аспайтын табыс. Бұл Дүниежүзілік банктің дерегі.

Дүниежүзілік банк бұған дейін пандемия салдарынан 49 миллион адам қатты кедейлікте болады, деп болжаған болатын. Коронавирус дағдарысы мен карантин - дамушы және дамыған елдердің экономикалары мен денсаулық сақтау жүйесіне кері әсер етті. Сондықтан әлемдік экономика өсімі баяулап, 5% құлдырауға тап болады, дейді ДБ тобының президенті Дэвид Мальпас.

Айта кетейік бұған дейін Дүниежүзілік банк дағдарысқа қарсы бағдарлама негізінде әлем халқының 70%-ы тұратын 100 елді қаржыландырған екен. Бұл бастама аясында денсаулық сақтау, экономика мен әлеуметтік қорғауды қолдауға 160 млрд. доллар бөлінген. Ал Орталық Азия мемлекеттеріне пандемия кезінде экономика мен халықты қолдауға 370 миллион доллар бөлген.

Бұл қаражаттың басым бөлігін (312 миллион доллар) Өзбекстан алған. 95 млн. долларды ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жақсарту және кедейлерге қолдау көрсетуге, 200 миллион долларды - бюджетті қосымша қаражатпен қамтамасыз етуге, 17 миллион доллар - шұғыл медициналық көмек жүйесін жақсартуға жұмсаған.

Ал, Қазақстан 10 млн. доллар, Тәжікстан - 11,3 млн. доллар, Қырғызстан - 21 млн. доллар алыпты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443