Сенбі, 23 Қараша 2024
2744 1 пікір 25 Мамыр, 2020 сағат 12:25

Сардобадағы апатқа қатысты іс бойынше екі күдікті ұсталды

Өзбекстан Бас прокуратурасының хабарлауынша, Сырдария облысы аумағында Сардоба су қоймасындағы апатқа қатысты қылмыстық іс бойынша екі күдікті қамауға алынды.

Бас прокуратура қылмыстық іс туралы басқа мәлімет бермеді. Тергеу жүріп жатыр.

5 мамырда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев үкімет жиналысында "Сардоба су қоймасындағы қайғылы оқиғаға кінәлілер жазаланады" деп мәлімдеген.

7 мамырда апатты зерттеу жөніндегі үкімет комиссиясы құрылғаны хабарланды. Оның құрамына "Өзгидроэнерго" мекемесінің басшысы, сенатор Абдугани Сангинов кірген. Су қоймасы Сангиновтың жетекшілігімен салынған.

Өзбекстан үкіметі Сардоба су қоймасының құрылысына 404,4 млн доллар бөлген.

Еске салайық, 1 мамырда таңертең Сардоба су қоймасындағы бөгет жарылды. Сол маңдағы 70 мыңға жуық адам көшірілді. Топан су көрші Қазақстан аумағына өтіп, Түркістан облысындағы бірнеше ауылды су басты.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371