Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
2565 2 пікір 26 Мамыр, 2020 сағат 17:19

Алматыда екі полицейдің қазасына әкелген апат. Күдікті бұрын полицияда жұмыс істеген

Алматы полициясы қалаға кіреберістегі блокпостта патруль көлігін соққан жеңіл автомобиль жүргізушісі бұрын полицияда жұмыс істегенін растады. Көлік апатында екі полиция қызметкері көз жұмып, тағы бір полицей ауруханада жатыр.

Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденовтың хабарлауынша, автокөлік иесі бұрын құқық қорғау органдарында қызмет еткен, алайда ол өз міндетіне немқұрайлық танытқаны үшін жұмыстан босатылған.

“Ол полицияда алты жыл қызмет етті, қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін төрт тәртіптік жаза алды. Бұл оның ішкі істер органдарынан кетуіне себеп болды. Бірақ ол одан кейін де өзі үшін дұрыс қорытынды жасай алмады. Заңды бұзып, рөлге мас күйінде отырып, қылмыс жасады”, - деді Қанат Таймерденов.

Таймерденовтың сөзінше, күдіктіге қарсы "адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Оқиға 25 мамыр күні таңертең Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданында болған. Полицияның мәліметінше, 1992 жылғы азамат мінген көлік алдымен бақылау-өткізу бекетіне соғысқан.

“Ол алдымен бетон қоршауға барып тиген, кейін инерциямен патрульдік көлікке соғылған. Көлік ішінде болған екі полиция қызметкерінің бірі 42 жастағы Жалғас Жанғазиев сол жерде қайтыс болды”, - делінген таратылған хабарламада.

Екінші полицей - 26 жастағы Дастан Әбдіқанов кейін ауруханада қайтыс болған. Полиция “көлік жүргізушісі мас болған” деп хабарлады. Күдікті қамалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қаза тапқан екі полицейдің де артында бала-шағасы қалды.

Коронавирус пандемияына байланысты енгізілген карантин кезінде блокпосттарда полиция қызметкерін көлікпен қағып өту осыған дейін бірнеше рет болған. 30 сәуірде Алматы қаласы Медеу ауданындағы блокпостта көлік жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кеткен. Дәл осындай жағдай 13 мамырда Түркістан облысынан Шымкентке кіреберісте болған.

Қазақстан үкіметі елдің екі ірі қаласы – Алматы мен Нұр-Сұлтанды наурыздың 19-нан карантинге жапқан. Мамырдың 11-і күні төтенше жағдай аяқталды, бірақ эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин күшінде қалып, блокпосттар әлі алынған жоқ.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522