Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2406 0 пікір 7 Қараша, 2011 сағат 06:42

Шәріпхан Қайсар. Қазақ тілі және қазақ баспасөзі

Кәзіргі қоғамдық ортада жауыр болған тақырып  тіл мәселесі екендігі белгілі. Алайда, тіл тақырыбының жиі қозғалатындығы ол мәселені шешуге деген фактор бола алмайды. Керісінше, мәселені нақты ашудың орнына бояуды ағал-жағал ететін «олақ суретшідей күй кешіп жүрген жоқпыз ба ?» - деп те өзімізге сынмен қарайтын уақыт туды.

Бұл заманда тілдің қолданымын барынша кеңейтетін де, тарылтатын да, оның тұрпатына залал келтіретін де, оны гүлдей жайнататын да - Жария. «Жария» сөзіне «публика», «орта»  дегендей ұғымдарды сыйғызуға әбден болатыны, қазақтың «жарияға жар салу» деген сөз тіркесіндегі айтылымның өзі-ақ куә. Ал, оны өз орнына қолданбай келгеніміз тілдің емес, тіл субъектісінің (жазарман мен оқырманды, тыңдарман мен көрерменді айтып отырмын) кембағалдығы.

Алайда, жарияның өзін басқаратын, ұйымдастыратын әрі көрінбейтін әрі назардағы дүлей де қауқарлы күш бар, оның аты -журналистика. Тартымды да ықпалды қазақтілді журналистік өнімді орыстілді азаматтар да қызыға көретіні, тыңдайтыны, тіпті оқитыны жасырын емес. Алайда, ондай құбылыс біздің тарапымыздан нығаймаса да тұрақтанбай отыр. Бұл енді - қазақ журналистикасының төл шаруасы. Ал, біздің бұл жолғы айтпағымыз, журналистиканың тілді дамытудағы емес, кері кетірудегі орны болмақ.

Кәзіргі қоғамдық ортада жауыр болған тақырып  тіл мәселесі екендігі белгілі. Алайда, тіл тақырыбының жиі қозғалатындығы ол мәселені шешуге деген фактор бола алмайды. Керісінше, мәселені нақты ашудың орнына бояуды ағал-жағал ететін «олақ суретшідей күй кешіп жүрген жоқпыз ба ?» - деп те өзімізге сынмен қарайтын уақыт туды.

Бұл заманда тілдің қолданымын барынша кеңейтетін де, тарылтатын да, оның тұрпатына залал келтіретін де, оны гүлдей жайнататын да - Жария. «Жария» сөзіне «публика», «орта»  дегендей ұғымдарды сыйғызуға әбден болатыны, қазақтың «жарияға жар салу» деген сөз тіркесіндегі айтылымның өзі-ақ куә. Ал, оны өз орнына қолданбай келгеніміз тілдің емес, тіл субъектісінің (жазарман мен оқырманды, тыңдарман мен көрерменді айтып отырмын) кембағалдығы.

Алайда, жарияның өзін басқаратын, ұйымдастыратын әрі көрінбейтін әрі назардағы дүлей де қауқарлы күш бар, оның аты -журналистика. Тартымды да ықпалды қазақтілді журналистік өнімді орыстілді азаматтар да қызыға көретіні, тыңдайтыны, тіпті оқитыны жасырын емес. Алайда, ондай құбылыс біздің тарапымыздан нығаймаса да тұрақтанбай отыр. Бұл енді - қазақ журналистикасының төл шаруасы. Ал, біздің бұл жолғы айтпағымыз, журналистиканың тілді дамытудағы емес, кері кетірудегі орны болмақ.

Кәзіргі таңда тілдің сан алуан саласын дамытатын да, оны жарияға игілік ететін де бірден бір журналистика болғандықтан, оған кесел келтіретін де - бірден бір журналистика. Бұл жағынан қарағанда, «жалғыз» да, «жалмауыз» да - журналистика. Өйткені, заманның басты қорегі ақпарат болғандықтан, оның өрнегі - тіл де, тасымалы - журналистика. Тіпті, ғылыми тіл деп жүргеніміздің өзі ғылыми жарияға ортақ тіл, демек, бұл жағынан да ғылым журналистикаға тәуелді. Қысқасы, қазақ тілін дамытуды сол тілдегі журналистиканың дамуынсыз елестету, тіпті де мүмкін емес.

Басқа жағынан қарағанда, журналистикасы бар тіл - тірі, ондай құралы жоқ тіл - өлі деуге толық негіз бар. Бұл жағынан біздің тіліміз шүкірлік жағдайда. Алайда, тіл мен журналистиканың арақатысына үңілу арқылы бұл «аулада ненің өніп жатқанына» әбден көз жеткізуге болады.

Ғылымдық сала дамымай жатқанда, білім саласы даму жолына түсіп үлгермегенде, ресми түрде мемлекетті басқаруға қатыспаса, журналистикадағы тілдік қолданыс деңгейін арам шөп басқан алқапқа теңеуге болардай. Бұл жағынан журналистика тарапынан тілге келіп жатқан кесел мен кемшілікке журналистиканың өзі біржақты кінәлі бола алмайды. Қазақтілді журналистика да сондай, өйткені, журналистиканың өзі дамуды емес, тоқырауды, тіпті, аман қалуды бастан кешуде. Дәлірек айтсақ, аудармалық мәртебеден арыға бармайтындай ахуал қалыптасқандығында.

Енді қазақ журналистикасындағы тілге дарып жатқан кеселді қарастырайық. Бірінші, көзімізге қазақ жарияшыларының тіліміздің конституциясы болып табылатын Үндесім заңын аяққа басуы. Бұл тақырыпқа соңғы кезде, әсіресе, жазушымыз Бексұлтан Нұржекеұлы көбірек қайраткер болуда және оның мұнысында маңызды мән бар. Соңғы кезде жазармандар ортасы «қалай айтсақ, солай жазамыз» деген тұжырымды заңдылыққа айналдырып болды да, тілдің жазылымына жарайтын орфографиялық талапты талақ ете бастады. Сондықтан да, бір кезде тіл үндестігінен қалыптасқан қадыр, қазыр, кәзір, кәдір, шайхана, жаңағы т.т. ондаған сөздер бүгінде өзбек, ұйғыр тілдеріндегідей үндесімнен ажырай бастады: қадір, шәйхана, жаңагі. Әрине, о баста да қалт-құлт еткен жағдайлар аз емес-тін: мысалы, «ғалым» сөзінен туындайтын «мұғалым» сөзі «мұғалім» болып та зорлана сіңіскені рас. Көрер көзге осылайша өзгеріп жатқан тіліміздің «үндесім заңын реформалаудың» кесірінен аталмыш заңдылықтан осы ғасырда қош айтысуымыз әбден ықтимал.

Екінші, қазақ жарияшыларының қазақ тілінде емес, орысша ойлауға көшіп, оны қазақшаға аударуды кәсіп етуінің түпкілікті қалыптаса бастауы. Бұл жағынан алғанда, мұны «электрондық үкіметтің» «электронды үкімет» түрінде шалажансар тіркестің туылғанынан көреміз. Мұндай мысалдар ондап саналады. Енді әлгі тіркестің мағанасын қабылдау үшін қайтадан орысша аударсақ: «правительство с электроном» деген тіркеске ие боламыз! Керісінше, радио мен теледидар секілді жаңалықты қауырт түрде тарататын бұқаралық құралдарда орыстың «с» предлогы қазақ тілінің көмектес септігінің жалғауларымен айырбасталып тынумен шектеле бастады, мысалы: человек с собакой - адам итпен, (дұрысы - итті адам болмаса ит жетектеген не ерткен адам) сықылды аудармалық «туындылардан» көз сүрінетін жағдайға жеттік: «цифрлы фотосалон» - «фотосалон с цифром» («цифрлық» емес пе?!)! «Цифровая технология» тіркесі көзімізге «сандық технология» болып көлбеңдеуде, ал бұл «числовая технология» болып шыға келетінімен ешкімнің саудасы жоқ! Сөйтіп, сан мен цифрды ажыратудан да қала бастадық...

«Қотарғыштар» осылайша ресми тіл (қазақ тілін айтып отырмыз) саласын тәркілеуге кірісті, ал тауарлардың нұсқаулықтары мен жапсырмаларында сау-тамтұқ аз, сауатсыздық заңдылыққа айналған. Бұл жағдай, қазақ тілінің орыс тілі үшін аудармалық көлеңкесі болып барынша қалыптасқандығын аңғартса керек. Өйткені, аталған салаларда мемлекеттік тіл өз бетінше емес, тек қана орыс тілінің аудармасы ретінде ғана тағдыры тас болып бекігендей. Осыдан келіп, қазақтілді азаматтар қазақтілді мамандар емес, аудармашылардың қызметін атқарумен шектелуі әбден сіңісті жайтқа ұласқан. Бұл көрініс өз кезегінде көршілес жатқан журналистикаға да жұғып үлгерген.

Үшіншіден, журналистика өз сауатсыздығын қоғамға орнықтыра бастады. Әдетте қазақ журналистикасы «қалған-құтқан қаржы» принципімен күн көретіндіктен, соңғы 5-7 жыл шамасында тісқақты да тілді мамандардан жұрдай болды, оның үстіне қазақ журналистикасын соңғы жылдары орыс тілі кеулеген ортаның  ықпалынан шыға алмаған жас ұрпақ басты. Осының бәрі жиналып келіп, қазақ журналистикасын сауатсыздықтың бұқаралық құралына айналуына мәжбүр етуде. Мәселен, елдің ата заңындағы орыс тіліне қатысты «...орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деген тұжырымды орыс тіліне таңылған мәртебе ретінде қоғамға сіңіріп жүрген қазақтілді журналистика. Ал, шын мәнінде орыс тілінде заң жүзінде мәртебе жоқ, яғни ол - ресми тіл емес, бар болғаны ресми түрде тең қолданылады. Осы уәж кәзір қазақ журналистикасының кесірінен орыс тіліне ресми мәртебе болып таңылды, ал сонда қазақ тілінің «мемлекеттік» деген мәртебесінде не бар екен деп, әлгі сабаздар ойланбайды, басқаша айтылғаны болмаса ресми тілдің өзі қазақ тілі екенін ұқпай-ақ қойуымыз қаншалықты сауатымыздың бар екенін әйгілемей ме?! Мұндай уәж орыстілді журналистердің ауызымен айтылмайды, өйткені, олар ресми мәртебенің не екенін жақсы біледі! Ал, заңды ұғымдарды белден бір басу біздің жарияшыларымыздың әдетіне айналып болғандай жан түршігеді.

Әрине, қазақ журналистикасын қоғамнан тыс алып, жерден алып жерге салуға болмас. Алайда, біз мәселені ашудан қашатын халыққа айналып бара жатқандаймыз. Егер проблеманың шешілуін екі сатыдан тұратынын ескерсек, оның бастапқысы және маңыздысы - мәселені ашу, одан қашу емес. Сондықтан да осы мәселеге ат басын бұруды жөн санадық. Ал, шешуі - мемлекет пен қоғамның қолында.

Жалпы, тілді сауатты қолданудың нәтижесі әдебиеттік тілді (литературный язык) қалыптастырып дамытады. Халықтың ауызына қалай қалыптасса, соны тілге айналдыра беру, бүгінгі тіл мәселесіндегі қас дұшпан.Тілге лингвистикалық шлюз (сүзгі) керек. Оның ғылыми табиғаты мен лингвистикалық қағидасы, жүйесі сақталатындай тиісті жауапты органдар мен мекемелер өз қызметіне адал кіріссе ғана тіліміз тілім-тілім болмайды.Біздің бүгінгі тілге деген лингвистикалық талабымыз тек қана халық ауызында қалай қалыптасса, сол - заңдылық деген тұжырымға айналып барады. Халық дегеніміз - ауызекі, тұрмыстық деңгейде өзара қатынаса беретін бұқара, ол тілдің қағидалық, заңдық жүйесіне бас ауыртпайтын тарап. Осыны ескеретін уақыт жетті.Ең болмаса ауызекі, жазба тілдік нұсқаларға мониторинг жасап, жылына бір рет соның нәтижесі ретінде лингвистикалық баяндама жариялап отыруға шамамыз да, арнайы институттарымыз да, ғалымдарымыз да жеткілікті.Соны жұмылдыратын құнт пен жауапкерлік қажет.

Шын мәнінде біз атаған тілге деген журналистік кесір қазақ журналистикасының кемшілігі емес, қазақ тілінің тағдырына жауапты органдар мен ұйымдардың атқармай не атқара алмай отырған міндетінен туындауда. Тіл комитеті қазақ журналистерінің жырынды болған тіл мәселесінің насихатын мадақтаудың орнына мәселені ашуға ден қойса, ең болмаса, қазақ БАҚтарына электрондық сөздіктер мен көмекші құралдарды таратуды ұйымдастырса, Тілбілім институты қазақ тілінің кәзіргі проблемаларын талғажау етерлік конференция ұйымдастырып, зерттемелік жобаларды қолға алса, ал Журналистер одағы жарияшылардың өнериетін (творчествосын) нығайтуға бет бұрса, мұндай кесір болмас еді! Насихатшылар мен үгітшілерді журналистермен шатастырғанша, қазақтілді журналистиканы дамытатындай арнайы бағдарлама жасап, атқару Ақпарат министрлігінің тікелей міндеті болса, шіркін... Амал қане, айтасың да қоясың...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420