Астана күнін мерекелеуге қала бюджетінен 120 млн теңге бөлініп отыр, 1 млрд теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетіледі –Астана әкімі
Астана. 25 маусым. ҚазТАГ – Әсел Мұқанова. Астана күнін мерекелеуге қала бюджетінен 120 млн теңге бөлініп отыр, 1 млрд теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетіледі, деп хабарлады Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов.
«Мереке күндеріне және шараларды ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен небәрі 120 млн теңге бөлініп отыр. Қалғаны - ұлттық компаниялар, демеушілер бөлген қаржы …Ол 1 млрд теңгеден асады… Сондықтан мерекелік шаралар бюджеттен тыс қаржыға ұйымдастырылып жатыр деуге болады», - деп мәлім етті И. Тасмағамбетов бейсенбі күні баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар, ол елорданың 11жылдығын атап өтуге басқа аймақтардан қосымша қауіпсіздік күштері тартылмайтынын жеткізді. «Шаралар өтетін орындар бойынша қызметкерлердің орналасу жоспары, қауіпсіздік шаралары әзірленіп, бекітілді, сондықтан қауіпсіздік үшін қауіптенуге еш негіз жоқ», - деді ол.
Әкім жалпы алғанда, қалада қылмыс деңгейі өте төмен екенін атап көрсетті. «Күнде әр түрлі 8 – 9 қылмыс жасалады. 700 мың халқы бар қала үшін бұл – керемет көрсеткіш», - деп атап көрсетті И. Тасмағамбетов.

Оның айтуынша, мекереге орай тұрғын үйлердің мәселелері шешіліп жатыр. «Қала күніне қарай біз істен шыққан 41 тоқсаты қондырғысын ауыстырып, 136 тоқсатыны күрделі жөндеуді жоспарлап отырмыз. Қала бойынша барлығы 128 жертөле жөнделіп, 120 ғимараттың қасбеттері қалпына келтіріледі. 21 аула абаттандырылады», - деп түсіндірді әкім.
Сонымен қатар, оның айтуынша, Қала күніне 8 нысанның ашылуы орайластырылып отыр, олар –30 мың орындық жабық стадион, жедел медициналық жәрдем институты, локомотив құрастырушы зауыт, кәсіби-техникалық лицей, «Қазақстан темір жолы» әкімшілік ғимараты, Бөгенбай Батыр даңғылы мен Можайский көшесіндегі көлік көпірлері, Абылай хан даңғылындағы жол айырығы. «Бұл нысандардың барлығы дайын және олар 3-і күні ашылады деп ойлаймын», - деп сендірді И. Тасмағамбетов.