Президенттің баспасөз хатшысы болып Бағлан Майлыбаев тағайындалды
Астана. 25 маусым. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен президенттің баспасөз хатшысы болып Бағлан Майлыбаев тағайындалды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының жарлығымен: Бағлан Майлыбаев ҚР президентінің баспасөз хатшысы; Серік Нөгербеков ҚР президенті әкімшілігінің әлеуметтік –экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды», - деп атап көрсетілген бейсенбі күні таратылған баспасөз мәлімдемесінде.
Осы уақытқа дейін президенттің баспасөз хатшысы болып қызмет атқарған Бейбіт Исабаев «басқа жұмысына ауысуына байланысты» қызметтен босатылды.
33 жастағы Б.Майлыбаев 2008 жылдың желтоқсанынан бері мәдениет және ақпарат вице-министрі болып қызмет атқарды. Бұған дейін ол осы министрліктің ақпарат және мұрағат комитетін басқарған, баспасөз хатшысының орынбасары – президент баспасөз қызметінің жетекшісі болып, «Казахстанская правда» АҚ президенті болып жұмыс істеген.