Сенбі, 23 Қараша 2024
2713 0 пікір 11 Маусым, 2020 сағат 13:29

Сенат "Жала жабу" бабын әкімшілік кодекске ауыстырды

Сенаттың жалпы отырысында қылмыстық кодекстегі 130-бап ("Жала жабу") әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстырылатыны айтылды.

Бүгін сенаттың жалпы отырысында мәжілістің бір топ депутатының бастамашылдығымен дайындалған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыға салынды. Заң жобасын депутат Асылбек Смағұлов таныстырды.

"Заң жобасында қылмыстық кодекске енгізілетін түзетулер бар. Олар ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырманы орындауға бағытталған. Бұл - жала жабуды қылмыстық сипаттан арылту. Осыған орай депутаттар жала жабуды әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстыруға бастама жасады. Бұл халықаралық тәжірибеге, яғни экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ыстамбұл іс-қимыл жоспарының ұсынысына сәйкес келеді", - деді ол.

Сонымен қатар, депутат қылмыстық кодекске енгізілетін тағы бір өзгеріске тоқталды.

"Әлеуметтік ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік топтық немесе діни араздықты қоздыру үшін жауапкершілікті көздейтін қылмыстық кодекстің 174-бабына түзетулер енгізілді. Атап айтқанда, "қоздыру" сөзі "тұтандыру" сөзімен алмастырылады. Айыппұл жазаның баламалы түрі ретінде енгізіледі", - деді Асылбек Смағұлов.

Аталған заң жобасын екінші оқылымда дауысқа қойылып, депутаттар құжатты қабылдады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478