Жексенбі, 18 Мамыр 2025
2659 1 пікір 15 Маусым, 2020 сағат 10:32

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа коронавирус жұғып, ауруханаға түсті

14 маусымда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзіне коронавирус жұққанын хабарлады.

"Достар, өкінішке қарай соңғы рет коронавирусқа тапсырған тестім оң нәтиже көрсетті. Бұл симптомсыз емес, сондықтан инфекциялық ауруханаға жатқызылдым" деп жазды министр Facebook парақшасында.

Ол аймақтарға жиі барып, жеке кездесулерге қатысқанын айтып, "қауіп әрқашанда болады" деді.

Елжан Біртанов коронавирус жұққан алғашқы шенеунік емес. Бұған дейін мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы, бұрынғы денсаулық вице-министрі Камалжан Надыровтан коронавирус табылған еді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2702
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4429