Сенбі, 23 Қараша 2024
2810 1 пікір 16 Маусым, 2020 сағат 10:35

Өзбекстан билігі Гүлнара Каримованың елге қайтарылған ақшасы әлеуметтік жобаларға жұмсалады деді

Биыл мамыр айында Франциядан Өзбекстанға қайтарылған Гүлнара Каримованың қылмыстық жолмен шетелге шығарған 10 миллион доллары мемлекет бюджетіне түскен.

Осылай деп Өзбекстанның әділет министрлігінің өкілі Севара Уринбаева мәлімдеді.

Оның сөзінше, Өзбекстанның тұңғыш президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримованың шетелдегі есеп-шотынан қайтарылған қаражат әлеуметтік жобаларға жұмсалады. Жұмсалған қаржының әрбір тиыны ашық жарияланып отырады деді ол.

Севара Уринбаева қазір әділет министрлігі мен бас прокуратура Швейцария, Құрама Штаттар, Франция, Ресей және өзге де елдердің тиісті өкілдерімен Гүлнара Каримованың шығарған ақшасы мен мүлкін елге қайтару жөнінде келіссөздер жүріп жатыр. Оның қылмыстық жолмен шетелге шығарған ақшасының жалпы құны 1,3 миллиард долларға бағаланып отыр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524