Жексенбі, 18 Мамыр 2025
2728 0 пікір 18 Маусым, 2020 сағат 17:59

Вице-премьер Ералы Тоғжанов та вирус жұқтырды

Қазақстанның вице-премьер-министрі Ералы Тоғжанов та вирус жұқтырды. Бұл туралы Ералы Лұқпанұлы бүгін өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Құрметті қазақстандықтар! Менің де оқшаулануыма тура келді. Инфекциядан қанша сақтансам да, болмады. Коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі анықталды.

Тезірек айығу үшін дәрігерлердің айтқанын істеп, жұмысқа ораламын. Азаматтардан сақтық шарасын - маска тағып, антисептик қолданып, қолды жиі жуып, гигиенаны сақтауды өтініп сұраймын. Аман-сау болыңыздар!», - деп жазды Ол.

Айта кетейік, бүгін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың вирус жұқтырғаны туралы ресми ақпарат тараған болатын. Ал оның алдында премьер-министр Асқар Мамин бастаған бір топ министр оқшауланып кеткен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2716
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4447