Сенбі, 23 Қараша 2024
3326 0 пікір 18 Маусым, 2020 сағат 19:25

Алматыға блок бекеттер қайта орнатыла ма?

Жексенбі, 20-21 маусым күндері карантин режимінің күшейтілетіні туралы осыған дейін ақпаратта жария болды. Осыған байланысты Алматының Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қаланың кіреберістеріне блок бекеттер қою туралы ел ішіндегі алып-қашпа әңгімелерге жауап берді.

Бекшиннің айтуынша, қала тұрғындары мен облыстан келетін азаматтар емін-еркін қатынай алады. Блок бекеттер орнатылмайды.

«Қаланың сыртқы периметрлеріне блок бекеттер орнатылмайды. Сондықтан, қала және облыс тұрғандары Алматыға емін-еркін кіріп-шыға алады», - деді Бекшин.

Осының алдында ведомствоаралық комиссия жексенбі күндері карандік шектеу шараларын күшейту туралы шешім шығарған. Ол бойынша:

- ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлардың қызметі тоқтатылады;

- қоғамдық тамақтану орындарының қызметіне тек ашық алаңда әлеуметтік қашықты сақтаған жағдайда ғана рұқсат беріледі;

- қоғамдық көліктің қызметіне шектеу қойылады;

- қоғамдық орындардың жұмысын тоқтатылады: саябақтар, жағайжайлар, аквапарктер жұмысы шектеледі:

- фитнес-орталықтардың қызметін тоқтатылады;

- 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуға шектеу қойылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510