Сенбі, 23 Қараша 2024
2801 4 пікір 23 Маусым, 2020 сағат 12:18

«ТЖ режимін алып тастағаннан кейін еркінсіп кеттік»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясының әлі де қауіпті екенін еске салды. Оның айтуынша, қазақстандықтар төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін вирусқа салғырт қарай бастаған.

«Бүгінде бүкіл әлемде коронавирустың таралуы қорқынышты ауқымға ие болып келеді. Коронавирус шабуылына ұшыраған жалғыз ел біз емеспіз. Төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін біз еркінсіп кеттік, оны мойындау қажет. Кейбір азаматтар мен мемлекеттік қызметшілер «қауіпті кезең артта қалды, өтіп кетті» деп ойлады. Тәуекелді дұрыс бағаламау орын алып, медициналық ережелер мен ұйғарымдарды сақтауды қойдық. Жекелеген азаматтар мұндай ауру жоқ деген өсек-аяңға сене бастады. Бірақ, COVID-19 әлі де болса үлкен қатер төндіріп тұр. Сондықтан Үкімет карантин шараларын қайта күшейтті», - деді Мемлекет басшысы.

Дегенмен, Қазақстан Президенті көңіл-күйді түсіріп, күйзеліске бой алдырудың еш қажетті жоқ екендігін, толық қанды өмір сүруді жалғастыра беруіміз керектігін баса айтты.

«Бүкіл әлемде адамдар карантин кезінде отбасымен жақындаса түскендіктері, балаларына, олардың проблемалары мен алаңдаушылықтарына көп көңіл бөле бастағандықтары туралы оқиғаларымен бөлісуде. Суретшілер, музыканттар, жазушылар, ақындар карантин уақытында шығармашылықпен өнімді жұмыс істегендіктерін айтуда», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ең жаман жағдайда да тиімді дүние табуға болатындығын атап өтті.

«Әрбір дағдарыста жаңа мүмкіндіктер болады. Біз біргеміз. Біз бірге міндетті түрде бұл дағдарысты да еңсереміз. Одан күшті рухмен, дүниетаным мәселелеріне жаңакөзқараспен шығамыз. Ең бастысы осынау күрделі сынақты еңсеретіндігімізге, жеңетіндігімізге сенім болуы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435