Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Әлеумет 5685 0 пікір 25 Маусым, 2020 сағат 15:02

2020 жылы жұмыспен қамтуға 76,8 млрд. теңге бөлінген

Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 2021 жылы 4,8% құрайды. Бұл туралы  LS сайты жазған. 

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға арналған бюджеттік құжатқа сәйкес, 2021-2023 ж.ж жұмыссыздықты қаржыландыру 222,3 млрд.теңгені құрайды. Оның ішінде 2021 жылы - 76,7 миллиард теңге, 2022 жылы - 73,8 миллиард теңге, 2023 жылы - 71,8 миллиард теңге бөлінеді.

Ал, 2020 жылы бұл мақсатқа 76,8 млрд. теңге қарастырылған.

Жобаның арқасында, министрлік күткендей, 2021 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрайды. Оның ішінде, әйелдер арасындағы жұмыссыздық 5,3%, ал жастарда - 3,7% болады. Алдағы екі жылда индикаторлар 0,1 пайыздық тармаққа төмендейді.

Сонымен бірге, «Еңбек» бағдарламасына жұмысқа орналасу орталықтарына жүгінетіндердің үлесі 2021 жылы 93,3% және 2023 жылы 93,4% жетеді. Сондай-ақ, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықта нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі 2021 жылы 9% және 2023 жылы 8,9% құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2020 жылдың соңында Қазақстандағы жұмыссыздық 6,1% құрауы мүмкін екенін айтқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048