Жұма, 22 Қараша 2024
5609 1 пікір 29 Маусым, 2020 сағат 15:50

Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері коронавирус жұқтырды

Алматы облысы дене-шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, грек-рим күресінен 2008 жылғы Бейжің Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев коронавирус жұқтырды.

Бұл туралы күрес федерациясы Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

- Грек-рим күресінен олимпиада жүлдегері, қазіргі таңда Алматы облысы дене-шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаевтың коронавирусқа тестілеуі оң нәтиже берді.

Қазір Нұрбақыт Теңізбаев Талдықорған қаласының ауруханаларының бірінде ем алуда, - делінген хабарламада.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5288