Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
46 - сөз 4640 2 пікір 30 Маусым, 2020 сағат 15:15

Коронавирусты болдырмаудың жалғыз жолы - оқшаулану

Әлемде пандемияға шалдыққандар саны 10 миллионнан асты. Жарты миллион адам оның кесірінен қайтыс болды. Қазақстанда бұл көрсеткіш 22 мың да 189. Бұл тек ресми деректер ғана. Іс жүзінде жағдай әлдеқайда мүшкіл болуы да ықтимал.

Өз басым аталған нәубетті XXI ғасырда Адамзатқа қарсы жарияланбаған соғыс ретінде қабылдаймын. Ең өкініштісі - бұл соғыста мақтаулы деген озық та әлеуеті зор елдердің өзі жеңіліске ұшырап отыр. Олай болса қазір қаймығатын иә рейтингті ойлайтын кез емес. Қаншама ащы болса да елге шындықты бүкпесіз жеткізуден бастау керек. Германиямен соғыс алдында Ұлыбританияның премьер-министрі Уинстон Черчилдің халқына арнап айтқан сөзі еске түседі: "Алдағы уақытта мен сіздерге тек қан, тер және көз жас ұсына аламын". Саясаткердің осы сөзі елге өте ауыр тисе де оның бірлесіп киындыққа мойымай ақыр аяғында жеңіске жетуіне мұрындық болды.

Коронавирусқа оралсақ ол күшіне еніп қана қоймай мутацияланып келеді. Күні кеше қатерлі дерт тек қарт адамдардың өмірін жалмаса, енді бүгін жастарды да сұлатуда. Кеше ғана пандемия тек өкпені шабуылдаса, ал бүгін адам ағзасының басқа мүшелерін нысанаға алған. Сондағысы жаман ауруға қарсы вакцина әлі ойлап табылған жоқ. Олай болса Коронавирусты болдырмаудың жалғыз жолы - оқшаулану. Бірінші кезекте сөз болып отырғаны - әлеуметтік ара қашықтық сақтауға келмейтін той ғана емес, ұжымдық жұмыс, демалыс құру, бірлескен діни мінәжат, қоғамдық көлікте жүру, митинг секілді шараларды қоя тұру.

Әрине бұл үлкен қаржылық шығынға, экономика мен бизнеске орасан зор зардапқа әкеледі. Бірақ басты кұндылық - адам өмірі мен денсаулығы. Ал осындай қиын-қыстау заманда мұқтаж жандарға көмек қолын үкіметпен қатар кез-келген ауқатты, жағдайы бар азаматтар созуға міндетті. Басқа амал қалмады.

Расул Жұмалының әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036