Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2524 0 пікір 26 Маусым, 2009 сағат 07:44

Бейбіт Шүменовтің қарсыластары қапыда қалды

Осы үш-төрт тәулік аралығында кәсіпқой боксшылар арасында бірнеше тартысты бәсекелер өтті. Солардың арасындағы ең негізгісі әрине, Владимир Кличко мен Руслан Шағаевтың жекпе-жегі. Алыптардың бұл айқасы Украина өкілінің пайдасына шешілгені жайында біз газетіміздің өткен санында баяндадық.
Одан бөлек, жанкүйерлердің зор қызығушылығын тудырған та¬ғы бірнеше айқас болды. Ең қы¬зығы, жартылай ауыр салмақ дә¬ре¬жесіндегі қос бірдей атақты бокс¬шы өздерінің чемпиондық ата¬ғынан айырылып қалды. Атап айт¬сақ, WBA тұжырымы бойын¬ша әлем чемпионы Хуго Гаррай мен WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Адриан Дьякону ой¬да-жоқта өз қарсыластарына есе жіберді.
28 жастағы Аргентина аза¬маты Хуго Гаррай өз жанкүйер¬ле¬рінің көз алдында жанарымен жер шұқып қалды. Оның қар¬сы¬ласы – Гарбриэль Кампилло мық¬тылар санатынан емес еді. Испан боксшысы әлемдік рейтингте не¬бары 15-орында тұр. Яғни жер¬гілікті көрермендер 30 жастағы Кам¬пиллодан қауіп келеді деп еш ойлаған жоқ. Бәсеке Гаррайдың ба¬сымдылығымен басталды. Ол қар¬сыласын кәдімгідей сабап жат¬қан. Алайда бәсеке бел орта¬дан ауғанда Пириней түбегінің тү¬легі «мінез көрсете» бастады. Соң¬ғы раундтарда Кампилло тізгінді мық¬тап қолға алды. Нәтижесінде үш төрешінің екеуі Испания бокс¬шысын қолдап, ол әлем чемпионы атан¬ды.

Канаданың Монераль қала¬сын¬да Адриан Дьякону мен Жан Пас¬каль жұдырықтасты. Бұл спорт¬шылардың екеуі де аталмыш қа¬ланың тұрғындары болғанымен, ал¬ғашқысының ұлты – румын, екін¬шісі – француз. Дьяконудың әлем¬дік тәжді иеленгеніне біраз жыл¬дың жүзі болса, Паскаль рей¬тингте бесінші сатыда тұр. Сол се¬бепті де, жанкүйер қауым әлем чем¬пионының бұл бәсекеде же¬ңіске жететініне шүбә келтірген жоқ. Бірақ бұл болжамдар жоққа шық¬ты. 12 раундтық айқаста бокс¬шылар алма-кезек белсеңді¬лік танытып жатты. Дьякону қар¬сы¬ласын ұрып жығуға әрекет¬тен¬се, Паскаль өзінің жылдамдығына сү¬йеніп, қарсыласының үнемі ал¬дын орап отырды. Бесінші раунд¬та үміткер чемпионды нокдаунға жі¬берді. Ақыр-соңында қазылар алқасы Жан Паскальды жеңімпаз деп тапты. Осылайша айтулы екі тұ¬жырым бойынша чемпиондар тұ¬ғырдан тайып, олардың орнын өзге былғары қолғап шеберлері басты.
Бұл жігіттердің жекпе-жегі біз¬ді неге қызықтырып отыр дейсіз ғой? Оған айтар жауабымыз да¬йын. Дәл осы салмақта біздің Бей¬біт Шүменов күш сынасып жүр. Жବсыратыны жоқ, кәсіпқой боксты кәсіп еткен қандаста¬ры¬мыз¬дың арасынан бүгінгі таңда бар¬лығынан Шүменовтің шоқ¬тығы биік. Ол WBO тұжырымы бо¬йынша бесінші орында тұр. Осы тұ¬жырымның чемпионы – Жолт Эр¬дей. Алғашқы бестікке мына бокс¬шылар еніп отыр: Бернард Хоп¬кинс, Рой Джонс, Алексей Ку¬земски, Глен Джонсон және Вя¬чеслав Узелков. WBА тұжы¬ры¬мы бойынша чемпион Адриан Дья¬кону тақтан тайып, оның ор¬нын Гарбриэль Кампилло тартып ал¬ды. Бейбіт – сегізінші орында. Ал WBC тұжырымында жерле¬сі¬міз 14 орынға табан тіреп тұр. Бай¬қап қарасаңыз, алғашқы екі тұ¬жы¬рым бойынша Бейбіт Шүме¬нов¬тің әлемдік тәж үшін тала¬са¬тын күні жуық арада туындауы мүм¬кін.
Бейбіттің өзі ешкімнен қай¬мы¬ғатын емес. «Мен қазір бабым¬да¬мын. Бойымда бұғып жатқан бұла күштің барын да сеземін. Ал алға қой¬ған мақсатым – әлем чем¬пионы атану. Сол мақсатқа жету жо¬лында еш аянып қалмаймын. Дәл қазір кіммен болса да жұ¬дырықтасуға даярмын», – дейді ол.
Міне, сансыз сауалға қа¬зақтың қайсар жігітінің берген жа¬уабы осындай. Бейбіт бабында бол¬са, оны тоқтататын күш жоқ еке¬ніне жанкүйерлер де сенімді. Бәлкім, алдағы уақытта қазақтың бір жігіті кәсіпқой бокстың биігіне шы¬ғатын күнді де көреміз.

«Айқын» газеті 25 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371