Сенбі, 23 Қараша 2024
2756 1 пікір 10 Шілде, 2020 сағат 10:56

Өзбекстан Қазақстанмен шекарада бөгелген екі мыңға жуық азаматын еліне кіргізді

9 шілдеге қараған түні Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы "Жібек жолы" шекара бекетінде бірнеше күннен бері коронавирусқа байланысты бөгелген екі мың өзбек мигранты еліне өтті. Бұл туралы Азаттыққа аудан әкімі Мұхит Отаршиев хабарлады.

Әкімнің сөзінше, 8 шілде күні кешке шекара бекетіндегі автовокзалға жиналған өзбек мигранттарының саны 3,4 мыңға жеткен. Түнде олардың 2 мыңы Өзбекстанға өткен. Одан бөлек бес жүз адамға шекара бекетінен өткізуге рұқсат берілген.

– Бес жүз адамды бекеттен өткізу басталды. Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігі бүгін (9 шілде - ред.) кешке дейін барлық азаматын еліне өткізуге уәде етті. Қазір шекара бекетіндегі автовокзалда тоғыз жүзден аса адам қалды. Өзбек мигранттары шекара аймағына әлі келіп жатыр, – деді Отаршиев.

Шекара бекетінде бөгеліп қалған шетелдіктер қатарында тәжік азаматтары да бар. Тәжікстанның Қазақстандағы елшілігі Азаттыққа "Жібек жолы" бекетінде елуге жуық тәжік азаматының қалғанын айтты. Елшіліктің мәліметінше, 3 шілде күні жеті жүзге жуық тәжік мигранты шекара бекетінен өтіп, Өзбекстан арқылы Тәжікстанға кеткен.

Шілде айының басында қазақ-өзбек шекарасы маңында екі мың тәжік пен өзбек мигранты еліне өте алмай бөгелген еді. Өзбекстан коронавирусқа байланысты шекараны жапқан. Әдетте Тәжікстан азаматтары еліне автобуспен Өзбекстан арқылы қайтатын.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475